1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері


Жерге орналастыруда қолданылатын геодезиялық жұмыстардың түрлері



бет2/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ на КАЗ яз

Жерге орналастыруда қолданылатын геодезиялық жұмыстардың түрлері
Жоғарыда айтылғандай, жобаны құруға дейін, құру барысында және жобалауды аяқтау кезеңдерінде келесідей геодезиялық жұмыстар жүргізіледі:
1. Қабылданған түсіріс масштабы мен рельефтің қима бірлігіне байланысты жиілік пен дәлдікте үшбұрыштардың типтік жүйесі, полигонометриялық, теодолиттік, тахеометриялық, мензулалық және нивелирлік жүрістер, қиылыстыру түрлерінде геодезиялық түсіріс негізін құру.
2. Түсірістер: аэротопографиялық (контурлық, аралас, стереотопографиялық), фототеодолиттік, мензулалық (топографиялық – рельефті қоса түсірумен, контурлық), теодолиттік, тахеометрлік, жер бетін нивелирлеулер, әртүрлі масштабта және әртүрлі қима биіктігімен, объектілерді жобалау мен зерттеу дәлдігі талаптарына байланысты.
3. Пландар мен карталарды жаңарту – оларды жаңа аэрофототүсіріс нәтижелерімен, қазіргі кезде бар және ескі түсірісті пайдалана отырып құру. Бұндай жағдайда далалық жұмыстар көбінесе геодезиялық негіздеу пунктілерін маркалаумен (белгілеумен), жаңадан пайда болған жерлерін қосымша дешифрлеу және ситуация контурларының аэросуретте көрінбей қалған жерлерін түсіру, жер пайдалану шекарасын қалпына келтіру, дешифрлеу немесе, егер алдыңғы түсіріс нәтижелері бойынша қажетті дәлдікте планға (картаға) сызу мүмкін болмаса, қайтадан түсіріс жүргізу.
4. Планды түзету – пайда болған объектілер мен ситуацияның контурларын түсіру және бұрыннан бар планға (картаға) сызу, жойылған объектілерді өшіру.
Жоғарыда аталған геодезиялық жұмыстардың 4 түрі жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін жер пайдалану территориясының жақсы сапалы планы және картасы болмаған жағдайда орындалады.
5. Орындалған түсіріс негізінде пландар мен карталарды құру және рәсімдеу.
6. Жер пайдаланудың және алқаптардың аудандарын экспликациясын құра отырып анықтау.
7. Жобалау планын құру – пландар мен карталардың көшірмелерін жасау.
8. Объектілерді алдыңғы (эскизді) жобалау.
9. Объектілерді техникалық жобалау.
10. Жобаны жер бетіне шығаруға дайындау.
11. Жобаны жер бетіне шығару.
12. Жұмыстардың орындалуын тексеру түсірістері.
13. Ғимараттардың деформациялануы мен отыруын бақылау.
Геодезиялық жұмыстардың алдыңғы 3 түрі студенттерге «Геодезия» және «Фотограмметрия» курстарын оқығаннан белгілі, сондықтан төменде жерге орналастыруда қолданылатын план және карталар дәлдігінің талдауы ғана келтіріледі. Жер пайдаланудың шекараларын орнына келтіру мен түсіру жұмыстары зерттеледі, ал жобаны жер бетіне шығарудың дұрыстығын тексеру үшін орындалатын түсірістер басқа түсірістерде қолданылатын құралдар мен әдістермен орындалатын болғандықтан, ерекше сипаттауды талап етпейді. Ғимараттардың отыруы мен бұзылуын, олардың бұзылу мүмкіндігін ескеруге бағытталған бақылау – инженерлік геодезияның арнайы сұрақтары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет