Мінез-құлық теориясы екі бағыт- рефлекторлы жəне əлеуметтік бағыттан құралады.
Рефлекторлы бағыттың өкілі атақта американ бихеовиорсті Дж.Уотсон жəне Б.Скинер.
Əлеуметтік бағыт өкілі американдық А.Бандура жəне Дж.Роттер.
Скинер теориясының қалыптасуына прагмативті көзқарас жəне өзінің отбасындағы
тəрбие əсер еткен. Скинер бойынша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты
мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып оны қадағалай алу. Мінез-
құлықты қадағалау үшін тəуелсіз айнымалыны тəуелді айнымалыға ауыстыру керек.
Мінез-құлықты болжау, түсіндіру үшін тұлғаның тұрақты жəне модификациялы
аспектілерін білу негізделеді.
Скиннер мінез-құлықтың кейбір түрлері негіздер арқылы анықталатынын жəне тəжірибе
оған еш əсер ете алмайтынын мойындады. Ол мінез-құлыққа қатысты тұқым
қуалаушылық пен орта арасындағы процестерді қарастырады. Генетикалық тұрғыда
негізгі жəне тəжірибе арқылы өзгермейтін мінез-құлық респонденті жəне орта арқылы
детерминантты мінез-құлық апирантты ретінде сипатталады. Яғни, респондент мінез-
құлықтың қандай да бір стимулға жауап беру негізінде қалыптасады.
Респондентті мінез-құлық Павловтың теориясына сүйене отырып қалыптастырады.
Яғни шартты стимулға шартсыз реакция, ал шартты стимул шартты реакцияға алып
келеді.
Оперантты мінез-құлық сыртқы орта арқылы детерминацияланады жəне оны өзгертуге
бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: