§ 8. Тұлға теориясындағы диспозиционалдық бағыт Диспозиционалдық (ағыл. disposition- орналастырылған) теория үш негізгі бағыт
«жұмсақ», «өткір» жəне аралық немесе формалды динамика.
«Өткір» бағыты бойынша адамның биологиялық құрылымының белгілі бір түрткісі
яғни, жүйке жүйесі жəне ми бір жағынан, сонымен қатар тұлға қасиеттерінің көрнісінің
басқаша болуы. Тұлғалық құрылыммен өткір биологиялық құрылымның өзі жалпы
генетикалық факторға тəуелді. Жалпы дене конституциясы мен мінез типтерінің
арасындағы байланысты неміс зерттеушісі Э.Кречмер нақтылады.
«Жұмсақ» бағыты диспозициондық теорияның тұлғаның басты, адамның ағзасының
биологиялық құрылымымен байланысты болады.
Олпорт адамның əртүрлі жағдайында өзін-өзі ұстауына қатысты олардың құрылымдық
ерекшеліктерін проприум деп білгіледі. Проприум ұғымы гуманистік психологиядағы
ңменң деген ұғыммен жақын келеді. Оған жоғарғы мақсаттар, адамның моралдық
көріністері жатады. Олпорт негізгі рөлде қоғам ойнайды деп көрсетеді. Дегенмен,
адамның қасиеттері проприум ерекшеліктерінің түзілуіне əсер етеді. Олпорт дамыған
проприумі бар адамды ңкемелденген тұлғаң деп атады.
Формалды-динамикалық бағыт негізіне отандық психологтар Б.М.Теплов,
В.Д.Небылицин еңбектерінде көрсетілген. Бұл бағыттың негізгі ерекшеліктері: əр тұлғада
екі деңгей, сонымен қатар екі түрлі тұлғалық қасиеттердің аспектісі- формалды-
динамикалық жəне мазмұнды деп саналады. Адамның мазмұнды қасиеттері проприум
түсінігіне жақын. Бұл қасиеттер тəрбиенің, білімнің, іс-əрекеттің ғана емес, сонымен қатар
адамның ішкі дүние байлығының интеллект, мінез-құлық көріністерінің жемісі болып
табылады. Диспозионалдықтардың ойынша, тұлға өмір бойы дамиды. Оның ішінде
тұлғаның жастық шағымен қоса, жыныстық жетілуі де маңызды болып табылады. Бұл
теория адамның өзін-өзі ұстамдығы, құрылымының өзгеруіне қарамастан, өздерінің ішкі
қасиетіне ие болады. Адамның ішкі дүниесі негізінен темпераменті жəне индивидуалды
ерекшеліктерімен түсіндіріледі.