№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет43/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   120
əрекеттiк тегi” теориясының маңызы зор. Бұл теория адамның мотивациялық
сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегiн түсiндiруге бағытталған.
Психиканың даму анализi, адам санасының генезистегi қалыптасуға көзқарасынан
мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейдi, ңадам өзiнiң жеке адам ретiнде
қалыптасуының психикалық көрiнiсiн өзiнiң мотивациялық сферасының дамуынан
табадың. Мотивация 2 топ мотивтерден құралады, мағына-мотивтер жəне стимул-
мотивтер. 1-шi топ мотивтер iс-əрекеттiң жеке адамдық мағынасын анықтайды. 2-шi топ
мотивтерi де iс-əрекеттi себептендiредi, оның орындалуының стимулдары ретiнде
көрiнедi.
А.Н.Леонтьев бойынша iс-əрекет схемасы, қажеттiлiк -мақсат, таңдау- қажеттiлiктiң
қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттiлiктi туғызатын iс-əрекет мотивiнiң пайда болуының
қажеттi шарты ретiнде анықталады.
А.Н.Леонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да
психологиялық ерекшелiктерi сияқты өзiнiң практикалық iс-əрекетiнен басталады. Адам
жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi осы iс-əрекет барысында жүзеге асатын
қажеттiлiктерiмен сипатталады. Бұл теория бойынша, iс-əрекет құрылымы мен адамның
мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сəйкестiлiкке негiзделедi.
Адамның мотивациялық сферасында болатын динамикалық өзгерiстер өз кезегiнде
қоғамның объективтi заңдарына бағынатын iс-əрекет жүйесiнiң даму бағытына
байланысты.


Отандық психология ғылымында мотивация мəселесiмен айналысқан ғалымдардың
теорияларына жасалынған мотивация механизмiнiң үлгiлерiн талдау бiзге келесiдей
қорытындыларды жасауға мүмкiндiк бередi:
• 
Барлық үлгiлер, мотивацияны жеке адам белсендiлiгiнiң қайнар көзi ретiнде, iс-
əрекеттiң қандайда бiр механизмi ретiнде анықтайды.
• 
Келтiрiлген үлгiлердi құрылымына байланысты 2 топқа ажыратуға болады,
моноқұрылымдық (бiрқұрылымдық) жəне полиқұрылымдық (көп құрылымдық).
• 
Аталған үлгiлердiң көбiсi 2-деңгейден құралған: 1 деңгей -төменгi органикалық
физиологиялық, яғни байланыс индивидтiң өмiрлiк қоғамдық маңызды себептенiп,
саналы түрде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет