№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет39/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

ТАРАУ. МОТИВАЦИЯ
§ 1. Мотив жəне мотивацияның өзектi мəселелерi.
§ 2. Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
§ 3. Мотивация жəне iс-əрекет
§ 4. Мотивация жəне жеке адам
§ 1. Мотив жəне мотивацияның өзектi мəселелерi
Мотивация ұғымы-адамның нақты бiр мақсатқа жетуге бағытталған талаптану
жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық жүрiс-тұрыс “Адам ненi қалайды?ң Ол неге
ұмтылады?” сұрақтарына жауап бередi. Адамның талабы əрқашан басым қажеттiлiктердiң
жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүрiс-тұрысының негiзiнде белгiлi бiр
қажеттiлiктер болады. Қажеттiлiк бұл адам бастан кешiретiн мұқтаждық қанағаттануы,
адам тiршiлiгi, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшiн өмiрлiк маңызды болып
табылады. Адам өзiнiң тiршiлiк етуi, дамуы жəне жетiлдiруi үшiн өзiнiң қажеттiлiктерiн
қанағаттандыруы үшiн құралдар мен белсендiлiктердi қажет етедi. Адам қажеттiлiктерi
əртүрлi болады.
Қазiргi кезде қажеттiлiктiң материалдық (тамақ, киiм, тұрғын үй, жылылық т.б.) жəне
рухани (қоғамдық өмiрге, еңбекке, қарым-қатынасқа,бiлiм алуға, творчество т.б.) түрлерiн
бөлiп шығарады. Мұндағы қажеттiлiктердiң кез-келген жiктелуi де шартты болады.
Қажеттiлiктер-адамның барлық психологиялық iс-əрекетi, оның ақыл-ойы, сезiмi еркi
құрылатын ең басты негiз болып табылады.
Адам қажеттiлiктерiнiң негiзi оның күшi, пайда болу кезеңдерi мен
қанағаттандырылу тəсiлдерiмен сипатталынады.
Қажеттiлiк мотивация құрылымында ерекше орын алады. Қажеттiлiк кез-келген iс-
əрекет белсендiлiгiнiң бастау көзi болып табылады. Iс-əрекет сəйкес қажеттiлiктi
қанағаттандыру құралы болып табылады. Осылайша, қажеттiлiк iс-əрекет субъектiсiнiң
белсендiлiгiнiң жалпы бағыттылығын көрсетедi.
Қажеттiлiктiң 
заттану 
процесi 
дегенiмiздiң 
өзi 
оның 
мотивке 
көшуi
(трансформациясы). Субъект белсендiлiгiнiң бағыттылығы нəтижеге жетуi жəне жекелеген
əрекеттiң қасиетi, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тəуелдiгiне байланысты, мотив iс-
əрекеттi толық себептендiредi.
Iс-əрекет субъектiсiнiң осындай тəуелсiздiгi, iс-əрекеттiң сыртқы себептерi субъектiге
ылғи əрқашан iшкi шарттар арқылы əсер етуiнен көрiнедi. (Рубинштейн С.Л.).
Мотивтер қажеттiлiктермен затталына отырып, бұл қажеттiлiктер мотивтiң
бағыттылығын анықтайды. Бiр адамның бойында сансыз көп қажеттiлiктердiң болуы
мүмкiн емес, бiрақ мотивациялық сфераның байлығы олардың əртүрлiлiгi жəне өзара
толықтырулардан байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттiлiктердiң өзара
əрекеттесуi бiр-бiрiн күшейтедi немесе əлсiретедi, ал олардың өзара қарама-қайшылыққа


түсуiнiң нəтижесi-аморальдық жүрiс-тұрысқа əкеп соғауы мүмкiн.
Жеке адамның мотивациясының анықтайтын шешушi фактор-ол өмiрлiк мақсатқа,
мағынасына байланысты танымдық белсендiлiгi. Мақсат, саналы түрде анықталады, яғни,
болашақ нəтиженi сөз арқылы алдын-ала мақтау, əрекеттiң бейнеленуi, оның мүмкiн болар
салдарының, жалғасуының, бейнесi, аралық жəне соңғы нəтижелер бейнесi. Мақсат
мотивацияның детерминалы ретiнде шығады, адамның тiкелей сыртқы əсерден қатысты
түрде тəуелсiз бола алу қабiлеттiлiгiн көсетедi.
Мотив-бұл адамның белгiлi бiр əрекет үшiн саналы меңгерiлген талаптануы. Ол
адамның өзiнiң қоршаған жағдайын жəне алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу,
есептеу деңгейiне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.
Мотивация механизмiнiң дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшелiктерiн
алдын-ала анықтау мəселесiнiң маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегiдей бiрнеше
ерекшелiктерi бар:
• адам мотивациясының шығу тегi əлеуметтiк сипатта болады.Оның
қажеттiлiктерiнiң заттылығы қоғамдық өндiрiстiң нəтижесi болып табылады.
(А.Н.Леонтьев, Мильман);
• адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы-қоғам
қажетiне жауап бередi.
• адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негiзгi
мазмұнын тəрбие процесi белгiлейтiн қалыптастырушы ықпалдың əсерi зор.(Иванчук,
Симонов);
• адам мотивациясы-интеллект, сөйлеу, санамен тiкелей байланысты. (Ковалев,
Хекхаузен);
• адам мотивациясы ерiк процестерi көмегiмен жүзеге асырылады.
• адам мотивациясының тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдық
дербестiгi организм қалпына байланысты болады.
• адам мотивациясының өмiрлiк алыс мақсаттарға бағытталынуы. (Баранидзе,
Обуховский);
• 
iс-əрекеттiң полимотивациялық сипаты мотивтердiң қажеттiлiктерге
поливеленттi қатынасы (Додонов, Имедадзе );
• икемдiлiгi, өзара ауыспалылығы (Дилитекский)
Осы айтылған негiзгi белгiлердiң арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның
мотивациялық 
сферасында 
маңызды 
орын 
алатын, 
оның 
жүрiс-тұрысының
полимотивациялық феномендiлiгi болып есептеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет