§ 3. Мотивация жəне iс-əрекет Психологияның өзектi мəселелерiнiң бiрi мотивация жəне iс-əрекет мəселесiн жəне
мотивтердiң шығу тегiн Х. Хекхаузен ңМотивация жəне iс-əрекетң жұмысында
қарастырған. Мотивация–бұл тұлғалық жəне iс-əрекеттiк жүйелердiң бiрiгуi негiзiнен
пайда болған психологиялық ерекшелiк.
Адам iс-əрекетi мотивациясының ең маңызды мəселелерiнiң бiрi - оның қылықтарын
себептi тұрғыдан түсiндiру. Психологияда осындай түсiндiру каузальдi атрибуция деп
аталады.
Каузальдi атрибуция адамның мiнез-құлқы туралы қабылданған ақпаратты
мағыналауға, қылықтарының себебiн анықтауға, адамның оларды алдын-ала болжау
қабiлетiн дамытуға бағытталған когнитивтi түрдегi мотивацияланған мiнез-құлық болып
табылады. Бiр адам басқа бiреудiң iстеген қылығының себебiн бiлiп жатса, оны
түсiндiрмек түгiлi болжай да алады. Бұл деген адамдар арасындағы қатынастары мен
əрекеттерi үшiн өте маңызды.
Бұған қоса каузальдi атрибуция адамның көрiп жүрген құбылыстарды түсiндiруге
деген қажеттiлiгi ретiнде, ондай түсiндiруге қабiлетi ретiнде болып келедi. Каузальдi
атрибуция адам қатынастарын реттеумен тiкелей байланысты болып, адамдардың
қылықтарын түсiндiру, ақтау жəне кiнəлау сияқты əрекеттердi бiрiктiредi.
Каузальдi атрибуцияны зерттеу Ф.Хадердiң 1958 жылы шыққан ңЖеке адам аралық
қатынастар психологиясың деген еңбегiнен бастау алған. Осы кiтаппен бiрге баспада адам
туралы ақпаратты көрсету қатарлылығының адамды тұлға ретiнде қабылдауға əсерiн
анықтайтын адамдардың бiрiн-бiрi қабылдау жайында маңызды зерттеулер пайда болған.
Бiлiмнiң осы саласында Г.Келлидiң жеке адамдық құрылым - адамға əлемдi қабылдауға
мүмкiндiк беретiн ұғымдар жүйесi болып табылатын тұрақты когнитивтi-бағалама
құрылымдар-теориясы жөнiндегi жұмыстар үлес қосты. Жеке адамдық құрылым деп
айтатынымыз бiр адамның басқа бiр адамға немесе айналасында болып жатқан
жағдайларға беретiн мiнездемелерiнде жиi кездесетiн қарама-қарсы бағаламалық қос ұғым
(мысалы, ңақ - қараң, ңжақсы-жаманң). Бiр адамға сай жеке адамдық құрылымдары
арқылы оның əлемге деген өзгеше көзқарасын бейнелеуге болады. Ондай құрылымдар
адамның мiнез-құлқын болжау, оны мотивациялық-когнитивтiк тұрғыдан түсiндiру
(каузальдi атрибуция) қызметiн атқарады.
Мотивацияның Отандық теорияларында iс-əрекет пен жеке адам бiрлiгi принципi
негiзiнде мотивтердiң келесi қызметтерi бөлiнiп сипатталған:
1.
Мағына құрушы қызметi. Бұл қызметтi ең алғаш барлық iс-əрекеттiң
анықтаушы негiзгi функциясы ретiнде Леонтьев А.Н. қарастырған
2.
ңМен-əрекетң арасындағы мағыналық байланыстарды реттеушi қызметi
(Рубинштейн С.Л., Шорохова Е.В., Асеев В.Г.).
3.
Мотивация əсерiнiң белсендiлiгiн сипаттайтын қызметi (Божович Л.И,
Рубинштейн С.Л., Леонтьев А.Н.).
4.
Селективтi қызметi. Бiр ғана əрекет кем дегенде 2 мотив арқылы себептенiп,
мотивтердiң бiреуiнiң əрекетi, екiншiсiнiң жетiстiгiне кедергi жасауы мүмкiндiгi.
5.
Энергетикалық қызметi- интенсивтiлiгiн, орындау үшiн жiберiлген iс-əрекет
субъектiсiнiң энергиясының санымен шарттануын сипаттайды. (Гальперин П.Я.,
Шорохова Е.В., Асеев В.Г.).
6.
Мақсат құрушы қызметi- қажеттiлiктi мотивациялық сферадағы иерархия,
мотивацияның мəндiлiгi мен мазмұны, мақсаттың ерiктi қалыптасуының құрылымын
анықтаушы фактор ретiнде шығады.