§ 2. Мотивацияның психологиялық теориялары Мотивтi адамның белсендiлiгiнiң себептерi ретiнде түсiндiрудiң алғашқы
талпыныстары антикалық дəуiрден басталады. Аристотель өзiнiң “Жан туралы”
трактатында жан функцияларының iшiнен “бiр нəрсеге” деген немесе “бiр нəрседен”
адамның ұмтылысын бөлiп көрсетедi. Платон мотивтердiң шиеленiсiн жанның ақылды
бөлiгi мен ашкөз бөлiгi арасындағы күрес ретiнде қарастырады.
Мотивация туралы теориялар ежелгi грек философтары мен теологтары iлiмдерiндегi
рационализм жəне ирррационализм бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың
ортасына дейiн ықпалы басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам
жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам ғана
сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы
күшi- адамның ақыл-ойы мен санасы жəне еркiмен байланысты. Иррационализм негiзiнен жануарлар əлемi туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның
жүрiс -тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық
қажеттiлiктерге сүйенедi.
Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында ХVII-ХVIII ғасырда
жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистiк, иррационалистiк) негiзiнде құрылған екi
теорияның маңызы зор болды. Бiрiншi, адам iс-əрекетi мен жүрiс-тұрысын рационалистiк
тұрғыда түсiндiрушi “Шешiм қабылдау”теориясы-экономика саласына математикалық
бiлiмдердiң енгiзiлуiне байланысты адамның экономикалық жүрiс- тұрыстық шешiм
қабылдауы. Кейiннен, бұл адам iс-əрекетiнiң барлық сферасына қатыстырылды.
Екiншiсi- адам iс-əрекетi мен жүрiс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсiндiрушi
“Автоматизм” теориясы- осы ғасырдағы механика жетiстiктерi нəтижесiнде пайда болып,
кейiннен тiрi организмнiң сыртқы əсерге тума, автоматты, механикалық жауабын
қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бiрi-адам, екiншiсi-жануар
жүрiс-тұрысын түсiндiруге бағытталған, бiр-бiрiне тəуелсiз, жеке жəне философиялық
iлiмдердiң екi үлкен лагерiне негiзделген, жеке адамның мотивациясының қозғаушы күшi
туралы бұл теориялар ХIХ ғ. аяғына дейiн өмiр сүрдi.
ХIХғ. екiншi жартысы барлық ғылымдар саласы үшiн күрделi жаңалықтарға толы
болды. Соның бiрi-×.Дарвиннiң “эволюциялық теориясы”. ×.Дарвин өз iлiмi арқылы
осы уақытқа дейiн адам мен жануарды анатомиялық, физиологиялық, психологиялық
тұрғыда өзара сиыспайтын екi үлкен топқа бөлiп қарастырып келген бағыттар арасында
ғылыми негiзделген көпiр орнатты. Ол алғаш рет осы екi тiрi жаратылысты жүрiс-
тұрыстық жəне мотивациялық тұрғыдан бiр-бiрiне жақындастырып, əсiресе, қажеттiлiктер
мен инстинктердiң эмоционалды-экспрессивтi түрде көрiнуiнде екеуiне де ортақ формалар
болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам жəне жануар жүрiс-тұрысының
формаларын зерттеу қарқыны өсе түстi.
Жануарлардың жүрiс-тұрысын зерттеуде В.Келер, Э.Торндайк, адамдардағы
инстинкттi зерттеуде З.Фрейд, У.Макдауголл, И.Павловтың теорияларын айтуға болады.
Бұл теорияларда бұрын қажеттiлiктердi тек жануар жүрiс-тұрысына тəн деп есептесе, ендi
оны адам жүрiс-тұрысынан қарастырып, адамға тəн қажеттiлiктер түрiн анықтау басты
орын алды. Адамның мотивациялық қозғаушы факторы ретiнде органикалық
қажеттiлiктер мен инстинктерiн сипаттады.
Бiздiң ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында “инстинкт”
түсiнiгi неғұрлым əйгiлi түсiнiк болды. Осындай мəнi бойынша, биологиялық
иррационалдық теориялардың бiрi-З.Фрейд пен У.Макдоуголл негiзiн салған