№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет81/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   120
ТАРАУ. ҚИЯЛ
Қысқаша мазмұны.
Қиялдың жалпы сипаттамасы жəне олардың психикалық іс-əрекеттегі ролі. Қиял
процесс ретінде. Қиял процессінің механизмдері. Адам өміріндегі қиялдың ролі. Қиялдың
физиологиялық негіздері. Қиялдың органикалық процесстермен жəне қозғалыстармен
байланысы.
Қиялдың түрі. Қиялдың классификациясы ерікті жəне еріксіз қиял. Арман. Қеңістіктегі
қиял. Белсенді жəне белсенді емес қиял. Шығармашылық қиял.
Қиялдағы образдарды жасау механизмі. Қиялдағы образдарды қалыптастырудың
негізгі этаптары. Анализ, абстрактілік, синтез. Аглютинация-қиялдағы образдарды
қалыптастыру механизмі ретінде. Схематизация жəне акцентировка.
Қиялдың индивидуальды ерекшеліктері жəне оның дамуы. Қиялдың даму деңгейі
бойынша адамдар арасындағы айырмашылық. Қиялдың даму деңгейінің сипаттамасы.
Қиялдың негізгі типтері. Қиялдың даму этаптары. Қиялдың дамуының индивидуальды
сипаттамасы.
Қиял жəне шығармашылық. Шығармашылық туралы жалпы түсінік.


Шығармашылық үшін қиялдың маңызы Т.Рибонның концепциясы. Г.Уоллес бойынша
шығармашылықтың этаптары. Г.С. Альтилуллер бойынша шығармашылық міндеттердің
деңгейі.
§ 1 Қиялдың жалпы сипаттамасы жəне оның психикалық іс- əрекеттегі ролі
Адам əрдайым өзін қоршаған ортамен байланысқа түседі. Секунд сайын біздің сезім
органдарымызға ондаған жəне жүздеген əртүрлі стимулдар əсер етеді, олардың көпшілігі
адамның есінде көпке шейін сақталады. Адам психикаcының ең қызықты феномендерінің
бірі, шынайы əлемдегі құбылыстардан алған əсер адамның есінде ұзақ уақыт сақталып
қана қоймай, сонымен бірге белгілі-бір өңдеуден өтеді. Бұндай феноменнің өмір сүруі,
адамның қоршаған ортаға ықпал етуі мен оны мақсатты түрде өзгертуге себепті болады.
Айта кету керек, жануардың сыртқы ортаға ықпал етуі мен сыртқы ортаның адам
арқылы өзгеруінің бірқатар айырмашылығы бар. Жануардан айырмашылығы, адам
қоршаған ортаға жоспарлы түрде, алдын-ала қойылған мақсатқа өз күш-жігерін жұмсай
отырып, іс-əрекет етеді. Еңбек процессінде шынайылықтың бұндай сипаттағы өзгеруі,
адам өз іс-əрекетінің нəтижесінен не алғысы келетінін санада алдын-ала елестеуіне
əкеледі.
Мысалы: өрмекшілер тігіншілердің операциясын еске түсіретін белгілі-бір
операцияларды жасайды, ал аралар өздерінің ұяшықтарын жасай отырып, құрылысшыны
көз алдына келтіреді. Алайда кез-келген ең жаман маман ең жақсы арадан немесе кез-
келген өрмекшіден өзінің алдын-ала құрылған жоспарымен ерекшеленеді. Осылайша,
адам арқылы қандай да бір жаңа нəрсені жасау процесін қарастыра отырып, біз адам
психикасының тағы бір феноменіне кезігеміз. Оның мəні адамдардың өз санасында
шынайы өмірде əзірге жоқ образды жасауында, ал бұндай образды жасауға біздің өткен
тəжірибеміз əсер етеді.
Адам минда бұрыннан бар елестерді мəнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп
аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін жəне осының негізінде жаңа
көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның
белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп
есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан əлі толық жетілмеген
еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің
көзқарастарына сəйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін
адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар
адамдардың фантазиясында жəне арманында яғни дəл қазір тəжірибеде жасалуы мүмкін
емес образдарда пайда бола бастады.
Қиялдың ғылыми техникада жəне көркем Шығармада қажетті күрделі формасы
пайда бола бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған,
көріністердің қайта жасалуының нəтижесі ретінде ғана роль атқарады.
Қиял екі психикалық процесспен-ес жəне ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам
бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл
көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз.
Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын
қайта жасау жолымен жасалынады. Мысалы: Фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз
ойдан жасалынған кейіпкерлер ( жезтырнақ, дəу ) бəрі бір өзінің түр-келбетімен бізге
танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған боларсыз. Өзіміз қандай да бір нəрсені немесе
оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз алдымызға елестете алмаймыз. Оқиға бір-
бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай жəне үздіксіз көрінуі тиіс.
Осылайша, материалдардың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процессінде біздің
қиялымыздың іс-əрекеті көрінеді.
Көп жағдайда қиялдардың іс-əрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен
құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан
болмаған табиғи зоналар туралы немесе əдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда
болады.
Қиялдардың іс-əрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты.
Бақытты болашақ туралы арман белгілі-бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан
шығарады, оған дəл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Яғни қиял біздің
іс-əрекетімізді реттеуде үлкен роль атқарады.
Қиял біздің ерікті іс-əрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты. Қиял біздің
еңбек іс-əрекетерінің кез-келген түрінде кездеседі, себебі қандай да бір нəрсені жасау
үшін, жасалынатын нəрсе туралы хабардар болуымыз қажет. Онымен қоса біз
шығармашылыққа жақындай түссек, қиялдың маңызы да соғұрлым жоғарлай түседі.
Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының актуализациясы,
оның ыдырауы қайта топтасуы, жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы
тəжірибемен сəйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады.


Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық
механизмнің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді. 
Бұл жерде
көп жағайда гипоталамо-лимбикалық жүйе үлкен роль атқарады.
Қиял көптеген органикалық процесстер мен қозғалыстарға əсер етеді. Ішкі
органдарың іс-əрекетіне зат алмасу процесіне т.б. Мысалы: дəмді түскі ас туралы көз
алдымызға елестетсек, бізде сілекей бөлінеді, ал күйік туралы ойласақ біздің терімізде ң
күйіктің ң шынайы белгілері пайда болғандай болады. Бұндай заңдылық баяғыдан белгілі
жəне психоматикалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бір жағынан қиял
адамдардың қозғалыс функцияларына ықпал етеді. Мысалы: Біз жарыс кезінде стадионда
жүгіріп келе жатырмыз деп елестетсек, бұлшық еттеріміздің қозғалғаны да байқалады.
Қиялдың органикалық процесстерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да
бір физикалық жұмысты атқару кезінде газ алмасу процессінің өзгеруі болып табылады.
Мысалы: біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл
жағдайда арнайы прибор газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл
құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады.
Осылайша, қиял адам организімінің процесстерін реттеуде де жəне олардың жүріс-
тұрысын реттеуде де үлкен рөль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет