№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет82/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   120
§ 2. Қиялдың түрлері
Қиял процессі ес сияқты ерікті (мақсатты) немесе əдейі жасалынуы бойынша
бөлінеді. Еріксіз(мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар
əдейіленіп жасалынбайды, жəне де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.
Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі
қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау
мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өз арқылы бақыланады жəне
бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға жəне
өзгерту мүмкіндігі жатыр.
Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан
жасалынған қиял, шығармашылық қиял жəне арманды бөліп қарауға болады.
Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сəйкес келетін
обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен,
географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде əдебиет
кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана
емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. А.С. Пушкиннің ң Полтава
ң атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың дауысын, солдаттардың айқайын,
барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.
Қайта жасау қиялмен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір
көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз. Алайда, біз бір нəрсені сөзбен емес,
схема сызу негізінде жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі. Бұндай жерде образды
жасау, адамның кеңістіктегі қиялға қабілеттілігімен анықталады. Əрине, бұл қиял түрі
адамның ойлау жəне ес процессмен тығыз байланысты.
Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша
жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты,
себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тəжірибесін еске алады. Сондықтан да


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет