1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы


Несие беруші мен борышқордың бір тұлғаға сәйкестендірілуі



бет23/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
лекция рим (1)

Несие беруші мен борышқордың бір тұлғаға сәйкестендірілуі. Міндеттеме токтатылады, егерде несие беруші мен борышқордың бір тұлғаға сәйкестендірілсе. Бұл жағдай confusion - тоғысу, сәйкес келу дегенді білдіреді. Мысалы, мұрагерлік немесе балағып асырап алу кезінде.
Орындау мүмкін еместігі. Мұндай мүмкін еместік заңи және нақты болуы мүмкін. Нақты мүмкінсіздік - бұл, мысалы, жеке белгілерімен анықталатын зат жойылған кезде болады. Заңи мүмкінсіздік - бұл, мысалы, қандай да болмасын міндеттемні орындауға тиым салу туралы заңның шығуы. Мысалы, егер мен бөтен құлды сатсам, ал ол қожайынымен бостандыққа жіберілген болса, онда мен міндеттемеден босатыламын.
Бекіту сұрақтары:

  1. Міндеттеме түсінігі.

  2. Міндеттеме түрлері.

  1. Міндеттеменің орындалу орны және уақыты.

  2. Міндеттеменің тоқтатылуы.



Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 19.09.2019 ж. жағдай бойынша. http://adilet.zan.kz/

  2. Ермухаметова, С. Р. Рим жеке құқығы [Текст] : оқу құралы.- Римское частное право: Учебное пособие / С. Р. Ермухаметова, Е. Ю. Коваленко. Екі тілде. - Алматы : Заң әдебиеті ; [Б. м. : б. и.], 2007-2012. - 162 бет. ИРБИС.

  3. Алимпиева, Т. Г. Римское право [Текст] : учебно-методический комплекс дисц. для спец. 5В030100-Юриспруденция / Т. Г. Алимпиева. - Актобе : РИО АРГУ им. К. Жубанова, 2014. - 189 с. ИРБИС.



Тақырып 12. Шарт туралы ілім.
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Шарт түсінігі.

  2. Шарттың тараптары.

Дәріс тезистері:
Шарт - бұл екі немесе одан да көп тараптардың қандай да болмасын міндеттемені бекітуі туралы келісімі. Римде міндеттеменің ең көп кездесетін қайнар көзі шарт (contractus) болды. Contraherе өзінің тура мағынасы бойынша (con + trahere - алу) obligare, adstringere терминдерінің синонимі. Контракт термині орыстың шарт терминінің синонимі. Бастапқыда ол тек шартқа қатысты ғана емес басқа міндеттемелерге қатысты да қолданылды. 1 и 2 D. 1.3 фрагменттерді қатар қарастырсақ, біз Папинианның Демосфеннің аудармасына анықтама бере отырып, contrahere деликті туралы жазады; алдау, қылмыс жасау fraudem contrahere, crimen contrahere сөздерімен көрсетіледі. Бірте - бірте соntrahere, contratus сөздері жақын сөздер бола бастады және ол міндеттеме ретінде тараптардың келісімі арқылы пайда болатын және талаппен қорғалатын шарт түсінігіне катысты қолданылды.
Кейіннен римнің құқықты жүйелеушілері жалпы ұғым conventio - келісімді қолдана бастады. Бұл мынадай түрлерге бөлінді: а) contractus - талаппен қорғалатын шарт, б) pactum, - келісім, ех nudo pacto action pop nascitur (Сентенции Павла, 2.14. 1)ережесінесәйкес талап берілмеді.
Adeo conventionis nomen generale est, ut eleganter dicat Pedius, nullum esse contractum [nullam obllgationem. Quae non habeat in se convertionem { D. 2. 14. 1. 3). - «Келісім» атауы жалпы болып табылады және Педий (заңгер 1 э.д..}, айтқандай өзінде келісімі болмаған ешқандай шарт жоқ [ешқандай міндет жоқ}.
Ульпиан соnventio сөзін түсіндіре отырып: адамдар әртүрлі жерден бір жерге әртүрлі мақсатпен бірігеді, олар бір нәрсеге келіседі (іn unum consentiunt). Демосфен қалада бекітілген келісім туралы айта отырып, мынадай түсінікті қолданады һе роlis eis hen eithc – civitas in unum convenit. Ерте грек ережесі былай дейді: біреу екіншісімен келісті, сондықтан ол заңи күшке ие болу керек (homologein буквально — бірдей сөйлеу).
Кез-келген шартта екі тараптың еркі білдіріледі, сондықтан шарт - бұл екі жақты мәміле. Міндеттердің бір тарапқа бекітілуі немесе екі тарапқа да бекітілуіне байланысты мәміле бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, сатып алу - сату шарты екі жақты шарт, себебебі тараптардың екеуінде де міндетте, құқықта бар. Сатушының құқығы сатылған тауарына ақша сомасын алу, сатып алушының сатып алынған тауарды алу. Міндеттері: ақша төлеу, екіншісінікі тауарды беру. Ал, қарыз шарты біржақты. Шарт жарамды деп есептелінеді, егерде шартгың міндетті талаптары сақталса. Бұл талаптарға: шарттың бекітілген нысанын сақтау; ерік пен ерік білдірудің сәйкес келуі; шартта мәнді талаптардың болуы; шарт негізінің болуы. Ерік- тұлғаның шарт жасауға ниеті. Ерік білдіру- еріктің сыртқа шыққан көрінісі. Ерік білдіру ерікке сәйкес келмейді деп есептелінеді, егерде шарт қорқыту, алдау, адастыру негізінде жасалған болса. Бірақ барлық адасудың құқықтық маңызы болған жоқ. Құқықтық адасу мәміле сипатындағы қате, мәміле пәніндегі, міндеттеме мақсатындағы қате. Келісімде тараптардың еркі еркін көрсетілуі тиіс. Кез-келген мәміледе ерік мүлде болмайды, егер мәмілені бала жасаса, ақыл-есі жоқтар жасаса. Сонымен қатар шарт деп танылмайды қалжың салдарынан жасалған мәміле, бүркемелеу мақсатында жасалған мәміле. Бүркемелеу арқылы жасалған мәміле дегеніміз - бір мәміле екінші мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалатын болса. Занды түрде танылған ерік шартта мүлде болмауы мүмкін. Сондықтан шарттың мәнді талаптары деген түсінік болды. Бұл талаптар оларсыз шарт болуы мүмкін емес және жасалмаған деп саналатын талаптар. Кез-келген шарттың өзінің мәнді талаптары бар және оны тараптар оған келісуі керек. Шарт өзінің мақсатына және мазмұнына сәйкес анықталған болуы қажет. Шарт анықталған болуы керек мазмұны бойынша, соның ішінде әрекет және затқа қатысты, сонымен қатар несие берушінің мүддесін көрсетуі тиіс. Шарт құқыққабілетті және азаматтық мәртебесі бар тараптармен жасалған кезде занды деп саналады. Шарттың пәні заттар, ақша, жұмыс, қызмет болуы мүмкін. Шарттың пәні топтық белгілермен немесе жеке белгілермен анықталған зат болуы мүмкін. Жеке белгілерімен анықталған зат жойылған кезде міндеттемені табиғи түрде орындау мүмкін емес болды немесе жойылған затты ауыстыру мүмкін болмайтын. Борышқордың кінәсінсіз топтық белгілерімен анықталатын зат жойылған кезде міндеттеме тоқтатылмайды, себебі жойылған затты ауыс- тыру мүмкіндігі сақталды.
Шарттың мәнді талабы мерзім болуы да мүмкін. Мерзім - шарттың әрекет ету немесе тоқтату кезеңін білдіретін уақыт аралығы. Мерзім күнтізбелік, анықталмаған немесе шартты болуы мүмкін.
Шартты мерзім кезінде міндеттеменің пайда болуы немесе тоқтатылуы белгілі бір жағдайларға байланысты. Шартты мерзім пайда болуы кейінге қалдырылатын немесе тоқтатылуы кейінге қалдырылатын мерзім болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет