1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы



бет25/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
лекция рим (1)

Шарттарды топтастыру. Рим құқығы шарттардың төрт түрін таныды: вербальды контракт, литтеральды контракт, реальды контракт және консенсуальды контрактілер. Сонымен қатар аталған топтастырудың біреуіне де жатпайтын шарттар болды. Соған байланысты римдіктер оларды атаусыз контрактілер деп атады. Римде аталған шарттардың ішінде вербальды шарттар ерте кезде пайда болған шарт болып табылады. Вербальды контракт-бұл ауызша контракт және оның жарамдылығы үшін бекітілген тәртіптегі сөздерді айту жеткілікті болды. Вербальды шарттың негізгі түрі стипуляция. Нақты шарттар - тараптардың келісімге келген кезінен емес, затты берген кезден күшіне енетін шарттар. Нақты шарттар: қарыз шарты, ссуда шарты, сақтау шарты, кепілзат шарты. Консенсуальды шарттар- тараптардың келісімге келген кезінен жасалды деп есептелінетін шарттар. Консенсуальды шарттар: сатып алу-сату, жалдау, тапсырма, серіктестік шарты. Литтеральды шарт дегеніміз жазбаша шарт, оған кіріс-шығыс кітаптары т.б. жатады.
Вербальды контрактілер.
Вербальды контракт міндеттемені сөз арқылы бекітетін, яғни белгілі фразалар мен формулаларды жеткізу арқылы жасалатын шарттар. Жоғарыда айтқандай ауызша шарттардың негізгісі стипуляция шарты. Стипуляция тек біржақты міндеттемені туындатты, яғни бір тараптың тек құқығы, ал екінші тараптың міндеті болды. Стипуляция кезінде несие беруші борышқордан тек қарыз сомасын талап ете алатын және пайыз не шығынды талап ете алмайтын. Рим жеке құқығының қайнар көздерінде стипуляция кей жағдайда stips- монета, от stipulum- таяқ, stipulus -мықты деген сөздерді білдіретін. Стипуляция -абстрактілі шарт, яғни негізі анық емес. Стипуляция негізге байланысты емес, керісінше бекітілген форманы сақтағанына байланысты.
« Другое дело, - говорит Ульпиан, - если должник sine verbis adnuisset”, т.е. кивнет утвердительно головой, не произнеся ни слова (Д.45.1.1.2); в этом случае стипуляции нет: вербальный контракт не может быть заключен без verba. Басқаша айтқанда, егер борышқор sine verbis adnuisset басын изесе, ешқандай сөз айтпаса, мұндай жағдайда стипуляция болмайды. Вербальды контракт verba арқылы ғана жасалады.
Стипуляция несие берушіге немесе борышқорға басқа да тұлғалардың өз алдына несие беруші немесе борышқор немесе қосымша борышқор не несие беруші қосылуына жол берді. Егер екі немесе одан да көп несие беруші борышқорға бірдей сұрақ қойса ол ортақ жауап қайтарады.
Классикалық кезеңде стипуляциядан пайда болатын міндеттеме тоқтатылды тек сұрақ және жауап нысанындағы символикалық орындау арқылы. Мысалы:- мен саған уәде еткенді алдың ба?- Алдым.
Классикалық кезеңнен кейін стипуляция жазбаша құжат болады, яғни оны кұрастыру (жазу) міндеттеменің пайда болуы үшін мәнді. Стипуляцияға қажетгі талап болып шартты жасау кезінде тараптардың қатысуы болып қала берді.
Стипуляциядан басқа вербальды контрактінің жекелеген түрлеріне: қалыңдықтан, оның туысқандарынан немесе борышқорларынан некеге тұратын ер адамға жасау беру туралы уәде, сонымен қатар еркіне жіберілген тұлғаның өз патронына адал қызмет көрсетуі, езіне берілген міндеттерді адал орындауы туралы анты. Еркіне жіберілген тұлға тарапынан патронға жасалатын қызмет көрсету туралы заңи сипатқа ие болды, егер ол арнайы міндеттемені ант ретінде қабылдаса.
Консенсуальды шарттың бір түрі болып табылатын сатып алу-сату шарты бойынша сатушы тауарды сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал сатып алушы тауарды қабылдап алып сатушыға бекітілген ақшаны төлеуге міндеттенеді. Сатып алу-сату шартының негізгі шаруашылық мақсаты - сатып алушының өзінің шаруашылығына қажетті тауарын алуы.
Сатып алу-сату нәтижесінде шаруашылық пайданы екі тарап та алады, сондықтан бұл екі жақты шарт және екі тараптың да қарама-қарсы талаптары болады.
Сатып алу-сату шартының мәнді талабы шарттың пәні мен бағасы. Шартгың пәні азаматтық айналымнан алынып тасталмаған денелік және денелік емес заттар. Сатып алу-сату шартының пәні жекеленген зат ретінде болуы қажет. Топтық белгілерімен анықталатын заттар сатып алу-сату шарты бойынша иеліктен шығарылмайды. Ульпианның айтуы бойынша бөтен біреудің затын да сату мүмкіндігіне күмән болмауы тиіс. (Д. 18.1.28.).
Айырбас шаруашылығының дамуына байланысты болашақтағы заттарды да сату-сатып алу қажеттілігі кездесіп отырды. Шарттың пәні сонымен қатар денелік емес заттар болуы мүмкін. Мысалы, талап ету құқығы.
Сатып алу-сату шартының бағасы тек ақшалай түрде көрсетілуі керек. Егер зат түрінде көрсетілсе айырбас шарты болады. Баға туралы келісім мәміленің жасалғандығының кұқықтық аяқталуы болып саналды. Бағаны үшінші тұлғалардың белгілеуі заңды деп саналды. Тараптар сонымен қатар кепілпұл туралы келісімге келе алатын. Мұндай жағдайда сатып алу-сату шарты кепілпұлды төлеген кезден бастап шарт жасалды деп саналды. Егер шартта ақысын төлеу мерзімі көрсетілмесе, қарама-карсы орындау болжанды: ақшаны төлеу және тауарды беру.
Сатып алу-сату өзінің юридикалық құрылымы бойынша екі сатыға бөлінеді: шарт туралы келісім және шартты орындау. Шарт сатылары уақыты бойынша сәйкес келуі мүмкін, бірақ маңызды аралық мерзіммен бөлінуі мүмкін. Сондықтан шарт орындалғанға дейін оны екі жақтың келісімімен бұзуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет