1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы



бет21/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Міндеттеме түрлері. Міндеттеменің бірнеше түрі болды. Бұлар бөлінетін, бөлінбейтін, цивильдік, табиғи, альтернативтік және факультативтік. Жауапкершілік сипатына қарай міндеттеме үлестік және ортақтасқан болуы мүмкін.
Міндетгеме бөлінетін деп танылады, егерде оның пәні оның кұндылығын жоғалтпай бөлуге мүмкіндік берсе. Бөлінбейтін міндеттеме дегеніміз міндеттеме пәні бөлінбейтін міндеттеме. Міндеттемені еріксіз орындау мүмкіндігін карастыратын міндеттеме цивильдік болып табылады. Табиғи міндеттеме талаппен қорғалмайтын мүліктік сипаттағы қатынас. Альтернативтік міндеттеме дегеніміз борышқордың екі әрекеттің біреуін орындауға тиісті болатын міндеттеме. Егерде шартта өзгеше көзделмесе қай әрекетті орындауды таңдау құқығы міндетті тұлғаға беріледі.
Факультативтік - бұл тиісті міндеттеменің орнына басқа міндеттемені орындау мүмкіндігі. Факультативтік міндеттемеде міндеттеме пәні біреу, бірақ борышқорға жеңілдік беріледі, яғни борышқор міндеттеме пәнінің орнына басқаны ұсына алады.
Міндеттеменің орындалу орны мен уақыты. Міндеттеменің орындалу орны дау болған затты бағалауға мүмкіндік береді. Міндеттеменің орындалу орны шартпен анықталады. Егерде міндеттеменің орындалу орны альтернативті түрде көрсетілсе, міндеттемені орындау орнын борышқордың қалауы бойынша анықталады. Ал, егер орындалмаса, орындау орнын таңдау несие берушіге тиесілі. Егер шартта міндеттеменің орындалу орны көрсетілмесе, онда орындалу орны болып берілген міндеттеме бойынша талап қоюға мүмкін болатын орын саналды. Кейде мәміле күрделі болуы да мүмкін. Мысалы, Эфесте он төлеу, немесе Капуда құлды беру. Заңгерлер теңіз саудасы дамыған кезде міндетгеменің орындалу орнын анықтау экономикалық жағдайға, рынок жағдайында анықтау ерекше мәнге ие деп көрсетті:
Varia sunt pretia rerurm per singulas civltates reglonesque maxime vinl olel, frumenti (D. 13.4. 3). - Жекелеген облыстар мен қауымдастықтарда тауарға баға әртүрлі, соның ішінде май мен астыққа.
Несиенің де бағасы әр жерде әртүрлі болды. Ал, соттың қарау орны тұлғаның қауымдастыққа қатысына байланысты немесе борышқордың тұрған жері бойынша анықталды. Кез келген талап азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан Римде қаралатын – Roma communis nostra patria est — Рим біздің ортақ отанымыз (D. 50. 1. 33) - қағидасымен қаралатын.
Міндеттеменің орындалу орны дау болған заттың құнын анықтау кезінде маңызды болды, себебі заттың құны ақшалай көрсетілетін болды және мұндай жағдайда маңыздысы қай жер бойынша бағалау жүргізу. Бұл сұрақ орны туралы сұрақпен қатар шешіледі, атап айтқанда келісім жасалған жермен, ал көрсетілмесе талап қойылған жермен анықталды.
Міндеттеменің орындалу уақыты туралы сұрақ шарттың тараптарына байланысты шешілді: міндеттеме орындалу керек тараптардың шартта көрсеткен мерзімінде. Мерзім күнтізбемен анықталады. Кейде мерзім нақты болмауы да мүмкін, яғни оның пайда болу мерзімі белгісіз болатын уақыт.
Міндеттеме бас кезден-ақ тоқтатылуға бағытталған. Міндеттеменің мазмұны және одан тарайтын борышқор мен несие берушінің талаптары уақытша мерзімге негізделген. Міңдеттеме тұрақты болуы мүмкін емес.
Міндеттеме тоқтатылады немесе әртүрлі тәсілдермен орны толтырылады. Олардың ішінде негізгісі орындалу (төлем). Міндеттеме тоқтатылады орындалган кезде. (Гай. 3. 168).
Міндеттеменің тоқтатылуы міндеттеменің мазмұнын құрайтын тараптардың міндеттері мен құқыктарының тоқтатылуы.
Міндеттеменің негізгі және қалыпты тоқтатылу тәсілі оның тиісінше орындалуы. Тиісінше орындалу дегеніміз - міндеттемені тиісті борышқордың, міндеттеме мазмұны бойынша, орындалу орнында және мерзімінде орындалуы. Орындау - борышқордың несие берушінің пайдасына одан күтілген әрекеттерді орындауы. Орындау (solutio) түсінігі борыш пен жауапкершіліктің бір тұлғада сәйкес келуімен бекітіледі. Solutio, solvere түсінігі рим құқығында эволюция жасады. Міндеттеменің орындалуы және тоқтатылуына қатысты рим юриспруденциясы ортақ термин өңдеген жоқ.
Міндеттеме тоқтатылды мындай негіздер бойынша: а) тараптардың қайтыс болуымен, егер міндеттеме жеке тұлғалық сипатта болса тоқтатылды. Ал, егер мүліктік сипатта болса міндеттеме тоқтатылады, егер тараптардың міндетгері мұрагерлікпен өтпесе. б) несие беруші мен борышқордың болашақта екіжақты құқықтар мен міндеттердің болмайтындығы туралы ерікті келісімі бойынша. Бұл жағдай орын алады, егерде келісім шартты жасаған тұлғалардың арасында ғана болатын болса, егерде ол цессия тәртібімен бекітілмеген болса. Үшінші тұлғалардың пайдасына жасалатын міндеттемелерді тоқтату туралы келісуге болмайды; в) несие беруші тарапынан кешіру, яғни мүмкін болатын талаптардан бас тарту арқылы; г) орындалуын талап ету мерзімін өткізіп алу, жалпы талап мерзімінен ұзақ мерзімнен аспайтындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет