1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы



бет28/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
лекция рим (1)

Прекарий. Ссуды шарты ерекше қатынас болып табылатын рrecarium (прекарий) деп аталатын шарттан айырмашылығы болды. Олардың, яғни екі нысан — commodatum u precarium айрмашылығы мынада: а) екі шартта мүліктік игіліктерді бір тұлғаның екінші тұлғаға пайдалануға беруі, б) commodatum кезінде және precarium кезінде де зат ақысыз берілді.
Ал, айырмашылығы ссду шарты пайдалану мерзімі көрсетілмеген кезде жарамсыз болмады. Ал, precarium мүлікті талап еткенге дейінгі мерзімді көздеді. Ульпиан бұл мәмілені былайша анықтайды: «Precarium est, quod precibus petenti utendum concedlutur tamdiu, quamdiu is qui concessit patitur», яғни precarium тұлғаның сұрауы пайдалануға берген тұлғаның шыдамы
жеткенге дейін мүлікті пайдалану. (D 43, 26. 1. рr.).
Кейіннен прекарий ерекше шарт болды және прекарист абайсыз кінә болған кеде де жауап берді.
Сақтау шарты. Сақтау шарты - бұл сақтаушы сақтауға беруші тұлға берген жеке белгілерімен анықталатын затты сақтауға қабылдап алатын және сақтау мерзімі жеткен кезде затnы сақтаулы күйінде қайтаруға міндетті болатын нақты контракт.
Сақтаушы заттың сақталуын шартта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қамтамасыз етуге және мерзімінде қайтаруға міндетті болды. Сактаушы қасақана және қатаң салақтық үшін ғана жауап берді. Егерде сақтаушы сақтауға берген тұлғаның келісімінсіз затты пайдаланса, кейінгі тұлға тікелей сақтау бойынша талап қоя алатын. Сақтауға беруші өз затының сақтаушыға зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге және заттың кұрылымы туралы ескертуге міндетті болды. Ерекше ереже сақтаудың үш түрі бойынша белгіленді. олар: қажетті сақтау, иррегулярлық сақтау, секвестор.
Қажетті сақтау сақтауға беруші тез арады өз затын үшінші тұлғаға сақтауға беруі қажетті болған жағдайда пайда болды.
Иррегулярлық сақтау- бұл топтық белгілерімен анықталатын заттарды сақтауға беру.
Секвестор- сақтаудың ерекше түрі. Бұл шарт бойынша дау болған затты үшінші тұлғаның дау аяқталғанға дейін сақтауы.
Заклад (кепілзат) шарты. Егерде кепіл затты берумен жүзеге асырылатын болса, онда тараптар арасында кепіл қатынастарынан басқа - шарт сипатындағы қатынаста бекітілді. Кепілзаттың ерте кездегі нысаны фидуция болды. Фидуция бойынша кепілге салынған мүлік несие берушінің меншігіне өтті және несие берушіде борышқор міндеттемені орындаған кезде тек затты қайтарудың морольдық міндеті болды.


Бекіту сұрақтары:

  1. Шартгарды топтастыру.

  2. Вербальды контрактілер.

  3. Консенсуальды контрактілер.

  4. Нақты контрактілер.



Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 19.09.2019 ж. жағдай бойынша. http://adilet.zan.kz/

  2. Ермухаметова, С. Р. Рим жеке құқығы [Текст] : оқу құралы.- Римское частное право: Учебное пособие / С. Р. Ермухаметова, Е. Ю. Коваленко. Екі тілде. - Алматы : Заң әдебиеті ; [Б. м. : б. и.], 2007-2012. - 162 бет. ИРБИС.

  3. Алимпиева, Т. Г. Римское право [Текст] : учебно-методический комплекс дисц. для спец. 5В030100-Юриспруденция / Т. Г. Алимпиева. - Актобе : РИО АРГУ им. К. Жубанова, 2014. - 189 с. ИРБИС.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет