Міндеттеме түсінігі. Міндеттеме бұл несие берушінің борышқордан өзінің пайдасына нақты әрекетті, мінез құлықты талап ететін формальды мумкіндігінен тұратын субъективтік юридикалық жағдай. Міндетгеме түсінігі Юстинианның Институцияларында көрсетілген. Бұл Институцияға сәйкес біздің мемлекетіміздің құқығына сай қандай да болмасын бір нәрсені орындауға байланысты құқықтық. Ал, Павел міндеттемеге мынадай анықтама береді - міндеттеменің мәні қандай да болмасын затты біздікі ету емес, немесе сервитутты біздікі ету емес, бірақ басқа тұлғаны біздің алдымызда ол қандай да болмасын затты беру, жасау немесе ұсынуға байланысты байлап қою. Міндеттеме уәкілетті тұлғаның міндетті тұлғаның мүліктік сипаттағы нақты әрекеттерді жасауын талап ету құқығын білдіреді.
Кейіннен міндеттеме екі тұлғаның арасындағы заңи қатынас ретінде қарастырыла бастады. Бұл қатынасқа сәйкес бір тарап несие беруші және ол талап ету құқығына ие, ал, екінші тарап борышқор - бұл неисе берушінің пайдасына белгілі бір әрекеттерді жасаушы. Міндеттеме әр кезде де уақытша және ол тоқтатылуға есептелінген.
Міндеттеме контрактіден, деликтіден, квази-контрактіден, квази- деликтіден пайда болады. Контракт дегеніміз - цивильдік құқықпен танылған және талаппен қорғалатын шарт. Деликті құқықбұзушылық, зиян келтіретін тиым салынған әрекет.
Кей жағдайда тұлғаның жасаған әрекеті міндетеменің пайда болуына әкеліп соқтыратын, бірақ бұл белгілі бір шарттардың бірде-біреуіне сәйкес келмейтін. Осындай ақтандақты реттеу үшін міндеттемені пайда болғызатын шартқа ұқсас міндеттеменің пайда болу негізін қарастырды, яғни квази-контрактілерді. Егерде міндеттеме құқықбұзушылық салдарынан пайда болса және бұл құқықбұзушылық бізге белгілі бірде-бір деликтінің қатарына жатпаса, міндеттеме квази-деликтіден пайда болды деп саналды.
Міндеттеме қоғамда абстрактілік нысанға ие және табиғи сипатты қарастырмайды.
Міндеттеменің мазмұны міндетті тұлғаның беру, жасау, ұсынуын міндеттейді және ол рим терминологиясында dare, facere, praestare терминдерімен анықталды.
«Беру» термині - мүлікті беру дегенді білдіреді. Бұл әрекет заттық құкықтарды бір тұлғадан екінші тұлғаға ауыстырумен тығыз байланысты.
«Жасау» - бір тұлғаның екінші тұлғаның пайдасына жасалатын нақты физикалық сипатқа ие және бөлінбейтін кешенді әрекетті жүзеге асыру. «Ұсыну» - материалдық нысандағы, соның ішінде ақшалай сипаттағы төлемді жүргізу, орналастыру.
Міндеттеме мүліктік сипаттағы орындауды болжайды. Міндеттеме институты бірнеше ішкі институтгарға ие: міндеттеме түсінігі, орындалу орны және уақыты, міндеттеменің тоқтатылуы және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері.
Міндеттеменің тараптары кредитор мен дебитор. Кредитор талап ету құқығына ие, ал дебитор беру, жасау немесе ұсынуға міндетті. Кейбір жағдайда бірнеше кредитор мен бірнеше дебитор болуы мүмкін. Егер міндеттемеге бірнеше тарап қатысса жауапкершілік және міндеттеме үлестік немесе ортақтасқан болады. Үлестік жауапкершілік болуы мүмкін, егерде жауапкершілікті борышқорлар жалпы борыштың көлемінде пропорциональды жауап берсе. Ортақтасқан жауапкершілікте борышқорлардың біреуі міндеттеме сомасы көлемінде немесе арнайы бекітілген үлесте басқалар үшін толық жауап береді.
Міндеттеме пәні заттар, ақша, қызмет, жұмыс болуы мүмкін. Заттар топтық белгілерімен немесе жеке белгілерімен анықталған болуы мүмкін.