Операциялық араласуға (торакотомияға) дренаж түтіктен сағатына 250 мл артық қанның бөлінуі көрсеткіш болып табылады. Видеоторакоскопиялық құрылғы болған кезде видеоторакоскопия жасауға болады. Бұл тек қана өкпе тіні жарақатының сипатын, қан кетудің интенсивтілігін анықтап қоймай, со нымен қатар, қан ағуды тоқтатуға, өкпенің бүлінген бөлігінде жиектік резек- ция және т.б. қажетті шараларды жасауға, жиналған қан мен ауаны тазалап алып тастауға, плевра қуысына жиналғандарды үнемі аспирация жасап тұру үшін дренаж түтік орнатуға, яғни, торакоскопиялық операциялық амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Кеуде қуысы ағзаларының жабық және ашық жарақаттары кезінде тора- котомия жасауға көрсеткіштерді шұғыл, жедел және кейінгі шегерілген деп анықтайды. Шұғыл түрдегі торакотомияны жүрек тоқтаған кезде, жүрек пен ірі қантамырларының жарақаты салдарынан плевра ішіне профузды қан кеткен кез- де, сонымен қатар, тез өршіп дамыған кернелген пневмоторакс кезінде жасайды. Плевра қуысынан дренаж түтік арқылы сағатына 250 мл артық қан бөлініп, қан кету жалғасып жатқан кезде, жүрек пен ірі қантамырларының зақымдануына күдіктенген кезде және өршіп жатқан клапандық пневмоторакс кезінде жедел торакотомияға көрсеткіш болып табылады. Жеделдеу операцияларды көбінесе ұйыған гематоракс, өршуін басу шаралары сәтсіз аяқталған пневмоторакс секілді асқынуларға байланысты 3-5 күн аралығында жасайды. Аталған опера- цияларды жарақаты аз, торакоскопиялық тәсілдер арқылы орындауға болады. Кеуде қуысы ағзалары жарақаттарының жиі кездесетін асқынулары пневмония, ұйыған гемоторакс, плевра эмпиемасы, пиопневмоторакс.
22.Механикалық сарғаю. Ажырату диагностикасы. Паллиативті және радикальды операциялардың түрлері. Сарғаю -терінің, шырышты қабаттың, склераның сарғаюымен бірге жүретін синдром. Оның негізгі себебі ағзадағы қан және басқа да сұйықтықтар құрамында билирубин деңгейінің жоғарылауы.Механикалық сарғаю -әртүрлі деңгейдегі өт жүру жолдарымен өттің ағуының қиындауынан түзілген патологиялық процесс.
Гепатопанкреодуоденалды аймақтағы аурулардың асқынуынан болатын кешенді симптомдармен білінетін (тері мен шырышты қабаттардың сарғаюы, зәр түсінің қоюлануы, нәжістің түссізденуі, тері қышуы, іште ауырсынулар білінуі мүмкін және температураның жоғарылауы) өт пассажының бауыр өзектерімен 12 елі ішекке өтуінің бұзылысынан дамитын, өмірге қауіпті жағдайды – механикалық сарғаю деп атайды.