1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы


Өңештің химиялық күйігі. Жіктелуі, этиопатогенезі, патологиялық анатомиясы, клиникасы, диагностикасы, асқынуы және емдеу тактикасы



бет58/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

20.Өңештің химиялық күйігі. Жіктелуі, этиопатогенезі, патологиялық анатомиясы, клиникасы, диагностикасы, асқынуы және емдеу тактикасы.
Өңештің химиялық күйіктері.Өңештің химиялық күйіктері концентрациясы жоғары қышқылдық ерітінділерді (тұз, күкірт, сірке суы), сілтілерді (каустикалық сода, нашатыр спирті) және басқа да агрессивті қасиетке ие сұйықтықтарды кездейсоқ не- месе әдейі (суицид жасау мақсатында) жұтып қою салдарынан туындайды. Қышқылдар (көбіне сірке суы) немесе сілтілерді (каустикалык сода, наша- тыр спирті) ішуден туындаған өңеш зақымдалулары коррозивті эзофагит деп аталады. Ас қорыту жолының жоғарғы бөліктерінің ауыр зақымдалулары калий перманганаты, пергидроль, ацетон ертінділерін ішкенде де дамиды. Сонғылардын тіндерге әсер ету механизмі кышкылдар мен сілтілерге караганда, өзгеше. Ауыз куысы, көмей, кеңірдек және бронхтардың бір мезгілдегі күйіктерінде екпе ісігі, жедел тыныс алу жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Бұл шоғырланған кышкылдар мен сілтілердің булары әсер еткенде, сірке қышқылы мен наша- тыр спиртін қабылдағанда дамиды.
Патологоанатомиялық көрініс.Кышкылдар дегидратациялық әсермен катар, тіндерді күйдіретін әрекетті де тудырады, ол өз кезегінде агрессивті агенттердін терен жаткан тіндерге енуіне және канға сіңуіне кедергі жасайтын катты қабыршақтың түзілуіне алып келеді. Бұл кезде коагуляциялык некроз дамиды. Сілтілердің шоғырланған ерітінділері протеолиздік, сонымен катар майларды да жібітетін касиетке ие болады. Осыған байланысты агрессивті агент өңештің терең қабаттарына енеді, кей жағдайларда өңеш перфорациясына да алып келеді. Мұндай закымдалуды колликвациялык некроз деп атайды және клиникалық ағымының ауыр түрде етуі зандылык болып табылады. Ен айкын өзгерістер өңештің физиологиялык тарылу аймақтарында туын- дайды. Патологоанатомиялық өзгерістердің шартты түрде 4 сатысын ажыра- тады: • I — шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі; • II - Шырышты қабаттың некрозы мен жаралануы (кейде фибринді псев- домембраналар түзіледі); • III некроздалган шырышты қабаттын түсуі, терең жаралардын, гра- нуляциялардың дамуы; • IV - тыртыкты стриктуралардын пайда болуы. Шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуінен кейін тіндердін некро- зы тез пайда болады. Бірінші аптаның соңында эпителийдің некроздалған аймактарынын төмен жатқан тіндерден ажырап түсуі және беткей немесе терен жаралардын пайда болуы басталады. Беткей жаралар жылдам эпителийленеді (1-2 апта, кейде 2-6 ай ішінде). Терең жаралар, грануляция мен тыртыкты дәнекер тіндер түзілуімен баяу жазылады. Химиялық күйіктен кейінгі өңештегі тыртыкты-жаралык үдеріс жылдар бойы созылуы мүмкін. Кейбір жекелеген наукастарда өңештің тыртыкты тарылуы күйіктен кейін 10-20 жыл өткен соң да дамуы мүмкін. Химиялык күйік кезінде ішке енген зат өңештегі жергілікті өзгерістерден баска журекті, бауырды, бүйректі зақымдайтын жалпы токсикалык әсер етеді. Жіті бүйрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Ішке концентрациясы төмен улы заттың аз ғана мөлшері түскенде не- месе ыстык тағамды асығып жұтқанда I дәрежелі күйік пайда болады. Өңештің шектеулі аймактарында шырышты кабат эпителиінің беткей қабаты зақымдалады. ІІ дәрежелі күйік шырышты қабат тереңіне толык таралатын, ауқымды некрозбен сипатталады. ІІІ дәрежелі күйік кезінде некроз шырыш- ты кабатты, шырышасты мен бұлшықет қабаттарын қамтиды, параэзофагеал- ды шел кабатына және көрші ағзаларға таралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет