Салыстырмалы қарама қайшылықтар: Өте ауыр қосымша дерттер (миокардтың жедел инфарктісі,
инсульт, операцияға келмейтін ісіктер және басқалар) I дәрежелік
ишемиямен қосарланса және ишемия өршімесе; Өте таралған
ишемиялық контрактура (III Б дәрежесіндегі ишемия) қан
тамырларына қалпына келтіру операциясын (востановительная
операция) жасауға, өте ауыр ишемиядан кейінгі синдром
дамитындығына байланысты, қарама - қайшылық болып
есептеледі.
40. Постхолецистэктомиялық синдром. Үлкен дуоденальды емізікшенің тарылуы. Клиникасы, диагностикасы, операцияға көрсеткіштері, трансдуоденальды және эндоскопиялық папиллосфинктеротомия. Үлкен дуоденальды емізікшенің тарылуы -жалпы өт жолының және жалпы ұйқы безі каналының он екі елі ішекке құятын жерінің тыртықты тарылуы. Ауру, әдетте, холелитиазбен кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ол тассыз холециститпен дамиды. Ауру оң жақ гипохондриядағы, эпигастрий аймағындағы ауырсыну шабуылдарымен көрінеді, қалтырау және дене температурасының жоғарылауымен бірге жүреді. Шабуылдан кейін склера мен терінің сарғаюы қысқа уақытқа пайда болуы мүмкін. Үлкен дуоденальды емізікшенің тарылуын диагностикалау үшін ультрадыбыстық зерттеу, сондай-ақ эндоскопиялық зерттеулер (гастродуоденоскопия және ретроградтық холангиопанкреатография) жүргізіледі, магнитті-резонанстық томографияны қолдануға болады. Үлкен дуоденальды емізікшенің тарылуын жою үшін эндоскопиялық және хирургиялық емдеу әдістері қолданылады, олар өт пен ұйқы безінің секрециясының ішекке қалыпты ағуын жасауға бағытталған.
Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия. Кіші инвазивті әдіс, дуоденоскоп канал арқылы фатеров
емізікшесін тілу. Папиллисфинктеротомия өткізу барысында 12
елі ішекке фиброгастродуоденоскоп енгізіп, дуоденалды
емізікшедегі ісік пен стенозды бар жоқтығын қарап, болғаннан
кейін РХПГ өткізеді. Содан кейін емізікшеге папиллотомды (сым электродты) өткізіптіндерді электрохирургиялық тіледі. Бірақ мынадай асқынулары болу мүмкін: жедел панкреатит, холангит, перфорация мен қан кету.