Клиникалық көрініс Жедел артериялық жетіспеушілік ишемия синдромымен
айқындалып, әр түрлі көрініспен суреттеледі.
Жиі кездесетін симптомдар (белгілер):
аяқтағы ауырғандық - артериялық қан жетіспеушіліктің
алғашқы белгісі. Ауырғандық сезім эмболияда өте айқын. Қапыл
(жиі) немесе біртіндеп (сирек) басталу, ауырғандықтың дәрежесі,
ауырғандықтың өршуі немесе бәсендеуі - дерт ағымының әр
түрлілігінің көрінісі және жедел артериялық жетіспеушіліктің
себебін анықтауға мүмкіншілік береді (эмболия немесе тромбоз).
жамылғыларының өте айқын ақ түске (бледность) боялып,
кейіннен көгістенуі де жиі кездеседі;
артерияның бітелген деңгейінен төмен тамыр
соғысының (пульс) анықталмауы - мұқият жүргізілген артерия
соғысын анықтайтын пальпация қосымша ақпарат - құралдық
тексерусіз-ақ артерия окклюзиясының жоғарғы деңгейін анықтауға
мүмкіншілік береді. Пальпациямен қатар аортаның және басқа да
күре қан тамырларының аускультациясын жүргізу керек,
систолалық шуыл жоғары деңгейде орналасқан артерияның
бітелуінің белгісі;
(пальпациялағанда) ауырсынудың пайда болуы - көбіне балтыр
бұлшық еттері, окклюзия жоғары орналасса - сан бұлшық
еттерінде байқалады;
балтырдың фасция астылық ісінуі - ишемияның ауыр
дәрежесінің белгісі. Ісік тізе буынынан жоғары көтерілмейді. Ісіну
барлық бұлшық ет топтарын қамтуы мүмкін, кейде алдыңғы
немесе артқы бұлшық ет тобымен шектелуі де ықтимал;
бұлшық еттердің ишемиялық контрактурасы - жедел
артериялық жетіспеушіліктің ең жағымсыз болжау белгісі. Ол
некробиотикалық өзгерістердің басталғанын білдіреді.
Шеткей контрактурада пассивті қозғалыс тек төменгі
буындарда жок, ал тотальды (таралған) контрактурада қозғалыс
бүкіл буындарда болмай, мәйітше сіресіп қалады (трупное
окоченение).
Жедел артериялық окклюзиядан (бітелуден) кейін (көбіне
тромбоздан немесе тромбоэмболиядан кейін) қан тамыр өзегінде
төмендегідей өзгерістер болуы мүмкін:
жоғары жаққа (сирек) немесе төмен қарай екінші реттік
тромбтың өсуі. Бұл коллатеральды қан тамырларын бітеп,
ишемияның өршуіне соқтырады. Екінші реттік тромб бірінші
реттік окклюзияның дәл қасында немесе артерияның төменгі
деңгейінде пайда болуы мүмкін;
біріншілік тромбоэмболдың ыдырап (фрагментация), оның
бөлшектерінің артерия өзегінің төменгі деңгейіне ығысуы және
ишемияны үдете түсуі.
Кей жағдайда, магистральды артерияның, кейбір
коллатералдардың босауы және тромбтың бөлшекті (частичный)
лизисі кейбір науқастарда ишемияның қайтымдылығын
қамтамасыз етуі де жоққа шығарылмайды.