Классификациясы. ӨАТЭ-ның даму барысының үш вариантын ажыратады, олардың сипаты бітелген өкпе артериясының көлеміне байланысты болады.
Жедел дамуы, өкпе артериясы қуысының ауқымды бітелгенінде (қуыстың 51-75%) байқалады; науқас адамның 30-35% кездеседі.
Жеделше даму, өкпе артериясы қуысының біршама бітелгенінде (қуыстың 26-50%) байқалады, науқастардың 45-50% кездеседі.
Қайталамалы дамуы, өкпе артериясы қуысының аз мөлшері (қуыстың 25% дейін) бітелгенде байқалады, науқастардың 15-25% кездеседі.
Клиникасы. Ауру адамның басты шағымдары: кеуде мен іште болатын ауырғандық, демігу, жөтел, қан қақыру, қызудың көтерілуі, талма, сирек жағдайда – сарғаю. Кеуденің ауыруыангиноздық және өкпе-плевралық болуы мүмкін. Ангиноздық ауырғандық рефлекторлық механизмнің әсерінен туатын тәж артериясындағы функциональдық жетіспеушіліктің нәтижесі деп есептелінеді. Өкпе-плевралық ауырғандықтың кейбірі инфаркт – плевриттің көрінісі болатын болса, басқалары Б.Е.Вотчалдың пікірі бойынша, өкпе артериясы сағасының не оның тарамдарының өте тез кеңуінен туындайды.
Демігужедел тыныс жетіспеушілігінің нәтижесінде пайда болады.
Жөтел өкпе артериясындағы гипертензияның, инфаркт – пневмонияның және инфаркт – плевриттің нәтижесінде сұйықтықтың альвеолаларға өтуіне байланысты белгі береді және ең ерте пайда болатын белгілердің бірі.
Қан қақырукештеу, 2-3 күн өткесін көрініс береді, қара реңді қан ұйықтары түсуі мүмкін немесе қақырық алхорыдан жасалған компот түсті массадан тұрады. Қан қақыру шамамен 1/3 жағдайда байқалады және өкпе инфарктісінде кездесетін белгі болып есептеледі.
Дененің қызуының көтерілуі1-5-ші күндері пайда болады, өкпедегі қабыну – некроздық процестермен байланысты. Көбіне қызу субфебрильді қызба деңгейінен жоғары көтерілмейді, сирек жағдайда қызу 400-қа дейін көтерілуі мүмкін, қызба 2-12 күнге созылады.
Талмарефлекторлық коллапс пен қан айдау көрсеткішінің өте азаюына (қанның сол жақ қарыншаға өте аз оралуының нәтижесі) байланысты туындайды. Талманың баламасы түріндежеңіл бас айналуынемесе әлсіздіксезіну болуы да мүмкін.
Геморрагиялық өкпе инфарктісіне қоса тері жамылғысының аздап сарғаюымүмкін. Ол бір жағынан гемолизбен байланысты болуы мүмкін, бірақ билирубинемия бауырдың қан іркілісіне және некрозға байланысты зақымдануынан болуы да мүмкін.