57.Өңештің зақымдануы, себептері, клиникасы, диагностикасы және емдеу тактикасы. Асқынулары және оларды алдын алу. Өңештің тыртықты тарылуы. Күйіктен кейінгі құрылым айтарлықтай өзгерістер көбіне өңештің физиологиялық тарылуларда кездеседі.Олар дара немесе күрделі,толық және толық емес түрлері
болады. Күйіктен кейінгі құрылым қатпарлы түрде өңеш қуысында орналасады.
Клиникалық көріністері мендиагностикасы - Ең негізгі клиникалық көрінісі- дисфагия,өңештен тағамдық заттардың өтуінің қиындауы.Алғашында құрғақ тағамдардың өтуі,сосын сұйық тағамдардың өтуі қиындайды.Тағамдар біраз уақытқа өңеште кідіруі мен эзофагоспазм жағдайынан эзофагит дамиды.Өңештің стенозында тағамдық заттар кеңірдекке түсіп ларингоспазм,ұстмалы
жөтел,шашалу болуы мүмкін. Сонымен қатар науқаста құсу,жүрек айну тағамды дұрыс қабылдамауынан салмақ жоғалту болады. Диагностикасында негізінен науқастан жиналған шағымдары,қарап тексергенде,пальпация,аускультация, рентгенологиялық,эзофагоскопиялық зерттеулермен нақты диагноз қоямыз.
Өңеш аймағын пальпациялап қарағанда өңештің конфигурациясы өзгергенін,қамыр тәрізді жумсақ болады.Ал аускультацияда екіншілік тыныстың кешігуін естиміз.Рентгенологиялық зерттеуде өңештегі стеноз аймағында өңештік тыртықтық тарылулардың өлшемін тарылу аймағын көреміз.
• Емі. Негізінде стационарда емделеді. Алғашқы 2-3 тәулікте аштық режим тағайындалады.Физиологиялық ерітінді ас тұзын тері астына 2 рет 1,5 л ден енгізеді. Венаішіне 40% глюкоза ерітіндісін 30-40 мл күніне 2 рет,тәулігіне 3 мл ден 5% аскорбин қышқылын енгіземіз.Күнделікті кешке өңешті 1-2% ас тұзымен жуу керек. 4-күннен бастап сұйық түріндегі тағамдық заттарды жылы күйінде береміз.
Хирургиялық емге көрсеткіштер. 1)Өңеш қуысының толық облитерациясы
2)Беріштенудің тез дамуымен рецидивтенуінде
3)өңеш-кеңірдек пен бронх-өңештік тыртықтану кезінде
4)Жайылған беріштенуде
5)Тыртықтанған өңеш тесілуінде
Операция науқастың жасына,жалпы жағдайына,өңештің тарылу дәрежесіне,жайылуына қарай жүргізіледі. Науқасқа 1 этапты пластикалық операция жасалынады.Ал ауыр дәрежедегі тыртықтану болса өңеш алып тастап тоқ ішектен немесе асқазанның үлкен иінінен алып трансгиатальды экстирпация жасалынады.