72.Торакоабдоминалды жарақат- бұл диафрагманың, іш және кеуде қуысының бүтіндігін бұзатын травматикалық жарақат.Тыныс алудың бұзылуы, гемо немесе пневмоторакс, гемоптиз, тері астындағы эмфизема, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің кернеуі, іштің ауыруы, дисфагия, жаппай қан жоғалту белгілері анықталуы мүмкін. Диагноз анамнез, шағымдар, зерттеу нәтижелері, рентгенограмма, торакоскопия, лапароскопия негізінде қойылады. Емі- шұғыл лапоротомия,торакотомия или тораколапаротомия,зақымдалған органдарды тігу,қан кетудің орнын толтыру.
Торакоабдоминалды жарақаттың даму себептері травматикалық әсердің себебінен: өткір заттың енуінен болатын жарақат, оқ жарақаты, соққы немесе жаншылу жатады. Жарақаттардың басым көпшілігі ашық жарақат, ал сирек жабық жарақат болады. Ашық жарақат көбінесе қылмыстық сипатта пышақтау немесе кесу заттармен ал жабық жарақат оқ жарақаттары салдарынан болады. Патогенез:Жарақаттағы патологиялық өзгерістер механизмі кеуде және іш қуысындағы органдардың жарақаттану сипаты мен көлеміне байланысты болып келеді. Тыныс алу бұзылыстарының себептері болып кеуде қабырғасының зақымдалуына байланысты тыныс алудың бұзылуы және өкпе паренхимасының жыртылуының фонында өкпе көлемінің кішіреюі, пневмоторакс немесе гемоторакс, бронхтардың жыртылуының салдарынан тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің нашарлауы, бронх саңылауларында қанның жиналуы, гиперсекреция, рефлекторлы бронхоспазм. Сурфактанттың өндірілуінің төмендеуіне байланысты ателектаз қалыптасады. Тіндердің қоректенуінің бұзылуына байланысты жасушалық мембрананың өткізгіштігінің артуына байланысты өкпе шемені (ісінуі) қалыптасады. Диафрагманың жыртылуы кеуде және іш қуысының физиологиялық дисбалансын тудырады, іш қуысының қысымын өзгереді, өкпе вентиляциясының нашарлауы, өкпеден және іш қуысы ағзаларынан веноздық және лимфа ағуының бұзылуын тудырады. Құрсақ қуысының ағзалары зақымданғанда бактериалды флоралардың көп себілуі болады.Яғни қалыптыда кездеспейтін жерлерде патогенді флоралардың көбеюін байқаймыз. Токсемия, ішек парезі және перитонит дамиды. Паренхималық органдардың зақымдалуы массивті қан кетумен жүреді. Қарқынды дамып келе жаткан гиповолемия, интенсивті ауырсыну, үдемелі тыныс алудың бұзылуы и токсемия травматикалық шокқа әкеледі.
Классификация: