Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру – бұл клиникалық белгілерге тән және/немесе өңештің дисталды қабынбалы өзгерістерінің дамуына әкелетін асқазан немесе дуоденальды ішіндегісінің өңешке тез немесе тұрақты қайталанатын лақтыруымен сипатталатын және гастроэзофагельды аймақ мүшелерінің моторлық-эвакуаторлық функцияларының бұзылуымен шарттастырылған созылмалы қайталанатын ауру. Этиология: Асқазан ішіндегі заттың өңешке кері өтуіне жол бермейтін – асқазан – өңештік сфинктер. Сау адамда бұл сфинктер тамақты жұтқаннан 1,5 – 2,5 секундтан кейін ашыла бастайды, 5 – 12 секунд ашылып тұрып, қайтадан жабылады. Сонымен, кардиальдік сфинктер жұтқанда ғана ашылып, басқа уақытта жабық күйінде болады. Кардиальдік сфинктердің гипотониясы немесе оның спонтанды релаксациясы асқазан – өңештік рефлюкстің дамуына әкеледі.
Өңештің төменгі сфиктерінің гипотониясын туғызатын себептер:
Коффеинге бай сусындарды, шай, кофе, какаоға құмарлық немесе коффеин қосылған дәрмектерді (кофетамин, цитрамон) ұзақ қолдану
Өңештің төменгі сфиктерінің тонусын төмендететін дәрмектерді жиі қолдану (кальций антогонистері, миоспазмолитиктер, нитраттар, холинолитиктер, анальгетиктер, теофиллин, бұрыш жалбызы) немесе зиянды әдеттер – темекі тарту, ішімдік.
Жүктілік (сфиктер тонусының төмендеуіне эстрогенемия мен прогестеронемияның жоғарлауы және құрсақ іші қысымының биіктеуі
Өңештің төменгі сфинктерінің спонтанды релаксациясын туғызатын себептер:
Невроздан өңеш перистальтикасының бұзылысы (дискенезиясы), бұл жағдайда асқазан – өңештік рефлюкс жұтқан кезде пайда болады.
Жүйелі склеродермия
Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы (өңеш тесігінің жарығы 50 – ден асқан адамдардың 1/3 – де кездеседі)
Тамақты қомағайланып көп және тез ішу, бұл кезде тамақпен бірге ауа көп жұтылады, осыдан асқазан ішіндегі қысым биіктеп, рефлюкс пайда болады.
Метеоризм
Жара ауруы, әсіресе 12 елі ішектің (асқазан – өңештік рефлюкс науқастардың 1/3 – де болады)
Дуоденостаз
Асқазанда ұзақ бөгеліп, асқазан ішіндегі қысымды биіктететін ауыр тағамдар (майлы ет, тоң май қосылған немесе өткір, қуырған тағамдар және ұн өнімдері – макарон, вермишель, нан, печенье)