1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы


Бейарнамалы жаралы колит. Этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеу тактикасын таңдау. Емнің алгоритмі



бет48/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

17.Бейарнамалы жаралы колит. Этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеу тактикасын таңдау. Емнің алгоритмі.
Бейспецификалық жаралы колит (БЖК) – себебі белгісіз, тоқ ішектің кілегей қабығының некрозды қабынып, жара, геморрагия жəне ірің түзуімен сипатталатын ауру.
БЖК тарау жиілігі – 100 000 тұрғынға 40-80 ауру адам келеді, 20-40 жастағы адамдар басым
ауырады, əйелдер еркектермен салыстырғанда 1,5 есе жиі ауырады.
Этиология. Бейспецификалық жаралы колит этиологиясы белгісіз аурулар қатарына жатып,оның келіп шығуында әртүрлі инфекцияларға,әсіресе дисбактериозға,тамақ құрамындағы немесе бактериялық аллергендерге зор көңіл бөлінеді.
Патогенез . Бейспецификалық жаралы колитте қанда тоқ ішек тіндеріне қарсы бағытталған, организмдегі иммунологиялық өзгерістердің белгісі болып саналатын, антиденелер табылған.Осы антиденелер ішектегі патологиялық үрдістердің әрі қарай дамуына мүмкіндік жасайды.

  • Сонымен қатар ішектің шырышты қабатында жергілікті бактерияларға қарсы бағытталған, кейде тоқ ішек шырышты қабатының құрамымен әсерлесе алатын, антиденелер түзіледі.Кейінгі кезде осы сырқатта қанда иммундық кешендердің немесе тоқ ішектің компоненттерімен әсерлесетін Т-лимфоциттердің түзілетіні де анықталаталып отыр.Демек жаралы колит патогенезі бойынша аутоиммунды ауруларға жақындап, клиникада үдемелі түрде дамиды.

Патоморфология. СЖК-те дертті процесс, әдеттеі, тік ішекте басталып,просималды бағытпен жайылады. Проктит, проктосигмоидит, сол жақты колит немесе тоталды колит немесе тоталды колит. Бұзылыс ошақты емес-диффузды қабыну. Процесте беткейлі эрозилар, көлемі, формасы әртүрлі жаралар пайда болып, кейін олар өзара қосылады, сөйтіп, ұзақ ағымда жаралы мүкістердің орнына псевдополиптер шығады(регенераторлық гиперплазия).

  • Микроскопия: өзіндік пластинка мен шырышасты өабатының аралас инфильтрациясы тән: крипталар қабынуы крипт-абцесстер қалыптасуымен, эпителий некрозы ошақтары. Ұзақ ағымда қалыпты шырыш беріш тінмен алмасады, тоқ ішек кішірейіп, гаустрация жоғалады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет