2.Жеке адамның қалыпты және қалыптан тыс дамуының себептері - Жеке адам- қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз- жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата- ананың ролі- балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі- мұғалімдер коллективін басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру. Жеке адам позициясы дегеніміз- оның қатынастырынң жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарында: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойынына алған міндеттерге, қоғамдық, еңбек міндеттеріне, деген т.б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды. Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай- ақ олрадың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз- ұнату мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз- принципті қатынастар, олар ситуация талаптарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мратымен, ішкі сенімімен, парыз бен міндеттерді сегізумен анықталады. Даралық жеке адамнан жоғары немесе төмен әлдене емес. Даралық дегеніміз- өзіндік өзгешелігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінші бөлек сыр сипатын айтады. Әдетте «даралық» деген сөбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай, бірақ кейбір адамдардың даралығы тайға таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрніп тұрады да, басқаларынікі- онша байқала қоймайды. Күнділікті тұрмыста, сондай- ақ ғылыда «даралық» сөзімен қатар, «индивид» деген сөз де қолдаылады. Индивид деп өзіне тән брлық ерекшеліктерімен бірлікті аоынған нақтылы адамды айтамыз.
3.«Бағдарлылық анкета» әдістемесін жүргізу, қорытындылау -Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады. Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).