1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Типтендірудің жасалу жолдары. Типтік бейне



бет24/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

37. Типтендірудің жасалу жолдары. Типтік бейне
Көркем шығармадағы жинақтау типке, даралау мінездеуге әкеледі. Адамға тән мінез-құлықты жинақтап, ерекшелендіру, даралау арқылы типтік қаһарман, шынайы бейне жасалады. Шындық әрекеттерді жинақтау арқылы жазушы шығармаға арқау болар болашақ бейненің жалпы бітімін қалыптастырады. Суреткер адам образ жасау мақсатында суреттелетін кезең кеңістігінен қажетті материалдарды жинақтайды. Жинақтау дегеніміз – типтендіру, яғни өмірдегі мың адамның мінез-құлқын қамтып, бір адамның бойына сыйдыру. Тип - әбден жинақталған, өзі сияқтылардың бәріне ұқсайтын жалпы бейне, әрі әбден дараланған, өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын жалпы бейне. Образ типтік дәрежеге көтерілу үшін ақиқат шеңберінде суреттелуі қажет. Типтік бейненің классикалық үлгілеріне М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбайдың, Абайдың бейнелері жатқызылып жүр. Б.Майлиннің әңгіме-повестерінде де кеңестік өзгерістерді қабылдай алмай жатқан аңғал да аңқау ауыл адамының типтік бейнелерінің галереясы сомдалған. Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романында типтік кейіпкерлеріне алдын-ала қысқаша мінездеме жасап, И.Тургеневтің әр кейіпкерінің арғыбергі тегінің өмірбаянын, мінез-құлқы мен түр-түсін сипаттап алып барып жазғаны орыс әдебиетінің тарихынан белгілі жай.
Әдебиеттануда образды зерттеп, оның классификациясын жасаған еңбектерде образдарды бірнеше аспект тұрғысынан жіктейді. Атап айтқанда, әдіс тұрғысынан: романтикалық, реалистік образдар, әдеби тек тұрғысынан: лирикалық, эпикалық, драмалық образдар, жасалу тәсілі жағынан: юморлық, сатиралық, қаһармандық, трагедиялық, фантастикалық, реалистік образдар деп ажыратады.
Романтикалық кейіпкер – тек жағымды кейіпкер ғана емес, оның тіпті «жағымды» болуы шарт емес, бірақ ол – суреткердің аңсаған идеалын бейнелейтін тұлға.
Реалистік образ – күнделікті болмыстан, нақты өмірден алынған, шындықты тірек еткен, әдебиетте бұрыннан бар, бола да беретін типтік бейне.
Эпикалық образдар адам образын мейлінше жан-жақты сомдап, әр қырынан түрлі көркемдік тәсілдер арқылы ашып көрсетеді.
Лирикалық бейне – лирикалық шығармадағы алуан түрлі сезімдердің, көңіл-күйдің иесі, қаһарман. Басқа бейнелер сияқты лирикалық қаһарман да шығармадағы ақынның өз бейнесінен тамыр тартады.
Драмалық образдың жасалуында тартыстың мәні зор. Бұл ерекшелік драма жанрының табиғатынан туындайды. Драмада авторлық баяндаулар мен суреттемелер, ұзақ сипаттамалар жоқ. Кейіпкер бейнесі портрет, пейзаж, мінездеудің түрлері арқылы да жасалмайды.
Юморлық, сатиралық образдарды сомдауға қатысатын әдеби көркемдік компоненттердің бірі – күлкі. Күлкінің адам өміріндегі орны ерекше. Ол адамның бірде көңіл-күйін білдірсе, бірде қоғамдық қарама-қайшылықтарды сынап-мінеу үшін де қолданылады.
Трагедиялық образдар жауыздық пен жақсылық, өлім мен өмір сияқты болмыста бір-біріне кереғар келетін құбылыстардың қайшылығынан туындайды, кейіпкер рухы, мінезі қиындықтар мен кедергілер айқындалады және тағдыры көбінесе мұңмен, қайғымен аяқталады.
Фантастикалық образдар ой мен арманға қанат байлап, өмірге философиялық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді. Фантастикалық образдың жасалуында фантастика элементі басым. Фантастика (грекше phantastike - көзге елестету өнері) - өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет