40. Реализм әдісінің ерекшелігі. Түрлері Әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосылған ең озық туындылардың да реализм әдісімен жасалғаны ақиқат. Реализмнің негізгі ұстанымы - нақты тарихи-қоғамдық орта мен оның туындысы – адамның арасындағы байланысты, өмір шындығын шынайы суреттеу. Реализм (лат. realis – нағыз, заттай) – әдебиет пен өнерде кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализмнің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз. Реалистер өнердің мақсаты өмір құбылыстарын шыншылдықпен бейнелеу деп біледі.
ХХ ғасырда реализм бағыттан біртіндеп көркем шығармашылықтың моделіне айналды. Реализм – осы аттас түрлі бағыттардың (сыншыл реализм, социалистік реализм, итальяндық неореализм, латын америкалық «магиялық» реализм және т.б.) жалпы атауы. ХХ ғ. реализмнің кең өріс алған негізгі ұстанымдары: шынайылық, психологизм, тарихилық, философиялық, деректілік сипаттар. Олардың әрқайсысы қазірге дейін қалыптасып, жаңа реңге ие болды.
Реализм (латынша realis— затты, нақты) — шындықты шынайылау әдісі. Адамның өзін-өзіне таныту, сайып келгенде, одан да әрі тереңден барып, алдымен халықтың өзін-өзіне таныту, содан соң сол халықты өзгеге, яки әлемге — адамзатқа таныту жолы. Адам мен қоғам, қоғам мен заман арақатынастарын барлық бірлігімен және қарама-карсылығымен жан-жақгы суреттеу арқылы көркем образдар, типтер, сом тұлғалар жасау тәсілі.
Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер де әр алуан: біреулер бағыт ретінде XVIII ғасырда туды десе, біреулер ағым ретінде XIX ғасырда қалыптасты деседі. Ал әдіс ретінде дамуын қадағалаушылар оны ғасырлар тереңіне әкетіп, бір-біріне тұтасқан түр-түрге бөледі: Көне дүние (антика) реализмі, Ояну дәуірінің реализмі, Ағарту кезінің реализмі, Қайта өрлеу кезеңінің реализмі, сыншыл реализм, социалистік реализм…
Социалистік реализмнің көркемдік әдіс ретінде туып қалыптасуы А.М.Горький творчествосымен тығыз байланысты. Горький романында, бәрінен бұрын, нағыз шындық жинақталды; содан соң, шындық тарихи жағынан нақты суреттелді; ақыр аяғында, шындық революциялық даму үстінде көрсетілді. Осы үш принцип еңбекші қауымды идея жағынан қайта тәрбиелеу міндетімен ұштастырыла келе социалистік реализм әдісінің өзіне дейінгі реализм атаулыдан сапалық ерекшеліктері болып қалыптасқаны мәлім.
Социалистік реализмге дейінгі ең прогресшіл әдіс — сыншыл реализм. Социалистік реализм — сыншыл реализмнің мұрагері. Алайда осы екеуінің шынайылық бірлігімен қатар, үлкен айырмашылығы да бар. Ең негізгі алшақтылық — мақсат алшақтығы: сыншыл реализм өз кезіндегі ащы шындықтарды ашып көрсете тұра, капиталистік құрылыстың негізін шайқалтуға қызмет етсе, социалистік реализм өз кезінің қандай шындығын суретемесін