1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Әдебиеттің тектері мен түрлері



бет21/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

36. Әдебиеттің тектері мен түрлері
Әдебиеттану ғылымының тарихында жанр терминін анықтауда шартты пікірлер көп. Осы пікірлерді жинақтасақ, негізінен жанр екі тұрғыда: тек және түр мағыналарында қолданылады. «Әдеби тек» мағынасында жанр – кең мәнді құбылыс.
Өмір шындығын бейнелеу тәсілінің ерекшелігіне байланысты әдебиет үш текке бөлінеді: эпос, лирика, драма. Әр әдеби тек бірнеше жанрлық түрлерді қамтиды. Осы мағынасында жанр ұғымы белгілі бір әдеби шығармалардың түрлерін - әңгіме, комедия, ода, роман, баллада т.б. көрсетіп, нақты қолданылады.
Эпика, эпос (грекше epos – сөз, әңгіме, баяндап беру) – көркем әдебиетте оқиғаны баяндап әңгімелеуге негізделген, шындықты барынша кеңінен қамтып, егжей-тегжей, жан-жақты суреттеу арқылы жеткізетін, тарихи тамырын тереңге жіберген әдебиеттің басты тегі. Эпос - күрделі, сан салалы өмір құбылыстарын, қат-қабат оқиғаларды шегіне жеткізе шиеленістіре бейнелейтін, алуан түрлі адам тағдырларын, мінез-құлықтарын сан қырынан танытып, шынайы ашатын, айтар ойы ауқымды, күрделі әрі көлемі үлкен жанр.
Эпостың поэтикасы бойынша басты қаһарман ерекше туылып, өз мақсатына жету жолында неше түрлі кедергілер мен қиындықтарға, қатерлі жауларға жолығады, қалыңдық іздеуге немесе алыс сапарға аттанады. Ежелгі эпостағы тіл өрнегіне асыра әсірелеу, гипербола, дамыту тән. Эпостық шығарманың арқауы - ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық - жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмысы мен тіршілігінің жылнамасы, тарихи тағдыры, ұлттық даму заңдылықтары. Эпоста халықтың даналығы, дүниетанымы жатыр. «Эпос – тарих жаңғырығы, ел естелігінінің жарқын бір көрінісі. Оның көптеген үлгілерінен түрлі дәуір, қилы кезеңдерге тән танымдық ақпараттар, эпикалық дәстүр шеңберінде жеткен тарихи-этникалық үрдіс көріністері аса мол ұшырасады». Қазақ эпосы туралы бағалы пікірлер В.Радлов, Г.Потанин, М.Готовицкий, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Р.Бердібай т.б. зерттеулерінде бар.
Эпикалық шығармаларда әдебиеттің басқа тектерінде мүмкін емес ауқымда көп кейіпкерлер, түрлі жағдайлар, оқиғалар, саналуан тағдырлар, детальдар молынан суреттеледі, ұзақ дәуірлердің, тұтастай тарихи кезеңдердің суреті беріледі және баяндау формасы адамның ішкі әлемінің жықпыл-жықпылын терең талдауға мүмкіндік береді.
Эпос жанры әдеби тектердің ішіндегі ең күрделісі, әрі ең көлемдісі болғандықтан, ол өз ішінде бірнеше жанрлық түрлерге жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет