16. Өсімдіктердің әртүрлі өсу кезеңдерінде қоректік заттарды қабылдау ерекшеліктері Тыңайтқыш қолдану жүйесiн (тыңайтқыштардың мөлшерi‚ беру мерзiмi‚ әдiсi) ауыспалы егiстегi жеке дақылдардың әр түрлi өсу және даму кезеңдерiндегi қоректену ерекшелiктерiн ескере отырып жасайды. өйткенi өсiмдiктер қоректiк заттарды бүкiл вегетациялық дәуiрiнiң барысында бiрдей мөлшерде пайдалан- байды. Жалпы өсiмдiк қоректенуiнде жауапты (аумалы) және қорек- тiк элементтердi барынша көп пайдаланатын кезең болады. Жауапты кезеңде өсiмдiктiң қоректiк заттарды аз мөлшерде пайдалануына қарамастан сыртқы ортада олардың жетiспеушiлiгi немесе тапшылығы оның өсiп дамуына терiс әсер етедi. Бұл кезеңде өсiмдiктiң қоректiк заттарды сiңiруi оның бойында құрғақ заттың түзілуiнен қарқынды жүредi. әрбiр дақыл үшiн жеке қоректiк элементтермен қамтамасыз етiлуi түрлiше болады. Азот үшiн жауапты кезең фосформен салыстырғанда кешiрек басталады және ұзаққа созылады. Мысалы‚ астық дақылдарында 3-4 жапырақ пайда болған кездегi азоттың жетiспеушiлiгi, масақта дәннiң толық қалыптаспаушылығына әкеп соғады.
Егiстiкте өсiмдiктiң қоректенуiнiң жауапты кезеңi‚ әсерi ерте көктемде сыртқы орта температурасы мен топырақтағы органикалық заттарды ыдырататын (минерализация) микроорга- низмдердiң белсендiлiгiнiң төмендеуiмен сәйкес келедi. өсiмдiктiң қоректенуiнiң жауапты кезеңiнде оны фосформен қамтамасыз ету керек. Өйткенi фосфор өсiмдiктiң тамыр жүйесiнiң дамуында шешушi рөл атқарады.
Өсiмдiктiң қоректiк элементтердi барынша көп пайдалану кезеңiнде оның өсуi мен денесiнде құрғақ заттың қорлануы және қоректiк заттарды қабылдау қарқыны шұғыл жоғарлайды. Бұл кезеңде тыңайтқыш тиiмдiлiгi жоғары дәрежеде байқалады. Н.С.Авдонин (1954) көпшiлiк ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректiк заттарды барынша көп пайдаланатын кезеңiн тәжiрибе жүзiнде дәлелдедi. Мысалы‚ ас бұршақ үшiн 15-40 күн аралығы‚ жаздық бидай үшiн 20-45 күн аралығы (түтiктенуден толық масақ- тану)‚ тары үшiн 30-45 күн аралығы.
Өсiмдiктердiң әр түрлi даму кезеңiнде қоректiк заттарды сiңiру қарқыны және оларды қабылдау ұзақтығы бiрдей емес. Жоңышқа‚ қант қызылшасы‚ жүгерi дақылдары қоректiк заттарды ұзақ мерзiмде, ал астық дақылдары қоректiк заттарды түтiктенумен масақтану аралығында көп мөлшерде қабылдайды. Капуста қауан түзу кезеңiнде қоректiк заттарды барынша көп пайдаланады. Жеке қоректiк элементтердi өсiмдiктердiң қабылдау қарқыны бiрдей емес. Өсiмдiктiң өсуiнiң бастапқы кезеңiнде қоректiк заттар жетiспесе‚ бұл оның тiршiлiгiне елеулi зиян келтiредi. Мысалы‚ мақта өсiмдiгiне өсуiнiң бастапқы кезеңiнде азот немесе фосфор жетiспегендiктен зардап шексе‚ кейiн минералдық қоректiк зат мол берiлсе де ол оңалып кете алмайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының топырақтағы қоректiк заттардың концентрациясына қатынасы бiрдей емес. Мысалы‚ қияр топырақтағы минералдық заттардың жоғарғы концентрациясына шыдамайды, бiрақта органикалық тыңайтқыштың жоғарғы нормасына төзедi. Қант қызылшасы‚ керiсiнше топырақтағы минералдық заттардың жоғарғы концентрациясына төзiмдi келедi.
Өсiмдiктiң қоректiк элементтердi қарқынды сiңiру мерзiмi қысқа болса‚ ол топырақ құрамында қоректiк заттардың жыл- жымалы түрiнiң жеткiлiктi болуын қажет етедi.