17. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды үйлестіріп қолдану Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың топырақ пен өсiмдiкке әсерi әр түрлi. Өсiмдiк минералдық тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды алғашқы мерзiмде (бiрiншi жылы) көп мөлшерде қабылдайды, ал органикалық тыңайтқыштан
қоректiк затты өсiмдiктiң пайдалануы бiрқалыпты (бiрiншi, екiншi жылы) жүредi. Бұл оның құрамындағы органикалық заттардың ыдырау қарқынына байланысты екенiн көрсетедi. Егер минералдық тыңайтқыш негiзiнен топырақтың қоректiк режимiн жақсартса, органикалық тыңайтқыш сонымен бiрге топырақты органикалық затттармен байытады, микроорганизмдердiң белсендiлiгiн арттырады.
Ауыспалы егiсте органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бiрге қолдану мiндеттi емес, бiрақ оларды үйлестiрiп пайдалану дұрыс. Егер топырақ қоректiк элементтердiң жылжымалы түрiмен жақсы қамтамасыз етiлген, бiрақ органикалық заттарға кедей болған жағдайда жалғыз органикалық тыңайт- қышты ғана қолдану орынды. Ең алдымен органикалық тыңайт- қышты қоректiк элементтердi едәуiр көп мөлшерде пайдаланатын, алайда топырақ ерiтiндiсiнiң жоғары концентрациясын жарат- пайтын жүгерi, картоп, қияр сияқты дақылдарға беру керек.
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды бiрге қол- дану топырақ типiне де байланысты. Азотқа бай қара топырақтарға органикалық және фосфор тыңайтқыштарын бiрге қолданған тиiм- дi. Суармалы боз және ашық қара қоңыр топырақтарға органикалық тыңайтқышты азотпен толықтырған орынды. Құм, құмайт топырақ- тарға органикалық тыңайтқыш бергенде, үстеме ретiнде (немесе бiрге) азот пен калий тыңайтқыштарын берсе, өсiмдiктiң қоректе- нуiне қолайлы жағдай жасалынады.
Сонымен органикалық және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс үйлестiрiп қолдану ауыспалы егiстiң жалпы өнiмдiлiгiн арттырады.
18. Көкөніс және бақша ауыспалы егістік дақылдарын тыңайту жүйесі Көкөнiс ауыспалы егiс дақылдарының тыңайту жүйесiн құрғанда олардың топырақ ерiтiндiсiнiң концентрациясының‚ топы- рақ реакциясының‚ жеке көкөнiс дақылдарына көңнiң‚ минералдық тыңайтқыштардың түрi мен формасының әсерiн және органикалық‚ минералдық тыңайтқыштарды бiрге қолдану тиiмдiлiгiн тағы басқа жағдайларды ескеру керек. Мысалы‚ аммоний селитрасы мен мочевина көкөнiс дақылдарына жақсы әсер етедi. Бiрақта калий селитрасы олар үшiн жан-жақты әсер ететiн тыңайтқыш. Ал суперфосфат басқа фосфор тыңайтқыштарымен салыстырғанда мол өнiм бередi. Қияр‚ сәбiз‚ пияз сияқты дақылдарға калий сульфаты хлорлы калийге қарағанда күштi әсер етедi. Асханалық қызылша‚ қызанақ‚ капуста сияқты өсiмдiктерге құрамында натрий элементi бар калий тыңайтқыштарын пайдалану олардың өнiмiнiң сапасын жақсартады. Әсiресе, көкөнiс ауыспалы егiс дақылдарына органи- калық және минералдық тыңайтқыштарды бiрге немесе ұштастырып қолдану өте тиiмдi.
Картоп аса маңызды тағамдық және малазықтық дақылдар қатарына жатады. Бұл дақыл негiзiнен оңтүстiк облыстарында суармалы жерлерінде, ал солтүстiк аймақтарда тәлiмi жерлерінде өсiрiледi. Картоп қоректiк элементтердiң iшiнен калийдi көп пайда- ланады, екiншi орында азот, одан соң фосфор.
Әрбiр қоректiк заттың өнiм түзуде өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мысалы картоптың жер бетiндегi мүшелерiнiң жақсы өсуiне әсер етедi. Картоп фосфорды вегетациялық дәуiрiнде үздiксiз сiңiредi, әсiресе оның өсу кезеңiнiң екiншi жартысына қолдану түйнектiң түзілуiн тездетедi.
Картоп дақылына қолданылатын тыңайтқыш нормасы алғы дақыл ерекшелiгiне де байланысты. Отамалы және көкөнiс дақылдарынан соң картоп егiлетiн топыраққа азот тыңайтқышын көбiрек, ал фосфор мен калийдiң жылдық мөлшерiн 20-30 пайызға азайтқан дұрыс.
Егер картоп бақша дақылдарынан немесе сүрлемдiк жүгерiден кейiн отырғызылатын болса, қолданылатын минералдық тыңайтқыш мөлшерiн 15-20 пайызға арттыру керек.
Картоп дақылына бор, мырыш, марганец, микроэлемент- терiн қолдану өнiм сапасының жақсаруына көмектеседі
19. Элементарлық баланс әдісімен тыңайтқыштардың нормасын анықтау Бұл әдiспен тыңайтқыш мөлшерiн анықтау үшiн, топырақ- тан түсiммен кететiн қоректiк зат мөлшерi мен өсiмдiктiң топырақ пен тыңайтқыштар құрамындағы қоректiк элементтердi пайдалану коэффициентi ескерiледi.
Мұнда жоспарланған өнiм түзуге топырақтың қорек заттарының жетiспейтiн бөлiгiн органикалық және минералдық тыңайтқыш беру арқылы толықтырады.
Түсiммен кететiн қоректiк зат мөлшерiн тыңайтқыш жөнiндегi анықтамалықтардан алу ұсынылады. Агрохимиялық зерттеу арқылы дайындалған агрохимиялық картограммада немесе танаптық паспортта көрсетiлген топырақтағы қоректiк заттар қорын пайдаланады.
20. Тыңайтқыш қолдану жүйесінің мақсаты мен міндеттері Тыңайтқыш қолдану жүйесінің мақсаты:
•Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділіктерін жоғарылату.
•Алынатын өнімнің сапалық көрсеткіштерін жақсарту.
•Топырақтың құнарлылықтарын арттыру немесе тұрақтандыру.
•Қоршаған ортаға зиянды әсерлерін болдырмау.
Тыңайтқыш қолдану жүйесінің тиімділігіне әсер ететін факторлар:
•Климаттық факторлар (ауа және топырақ температурасы, күн радиациясы, жауын-шашын мөлшері).
•Агрохимиялық факторлар (топырақ құнарлылығы, гранулометриялық құрамы, реакциясы, жылжымалы қоректік элементтердің мөлшері, тыңайтқыштардың түрлері, қолдану мерзімдері мен әдістері және т.б.).
•Агротехникалық факторлар (топырақты өңдеу жүйесі, мелиорациялау, суландыру, тұқымды себу мерзімі, зиянкестермен күресу және т.б.).
•Ұйымдастыру-шаруашылықтық факторлар (тыңайтқыштардың дайындау, сақтау, тасымалдау, қолдануды механикаландыру және қоймаларды механикаландыру мен автоматтандыру).
21. Дәндік жүгері дақылын тыңайту Суармалы жағдайда сүрлемдік жүгеріден мол өнім алу үшін минералдық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерлері қолданылады.
Жүгері егістігінің әр гектарына 2,5-4 кг мырыш бергенде қосымша өнім 13-26 пайызға, мырыш тұзының 0,3-0,5 пайыздық ерітіндісін 4-6 жапырақ пайда болғанда бүркіп үстеп коректендіруден өнім 15-пайызға артады.
Жүгері дәні мен көк балауса құрамындағы ақуыз шамасын жоғарылату үшін дән салғанда және сүрлемдік жүгеріні жинаудың алдында екі апта бұрын мочевинаның судағы 20-30% ерітіндісімен үстеп қоректендіру ұсынылады.