1. Егістік тәжірибелер нәтижелері бойынша тыңайтқыштардың нормасын анықтау


Өсімдікке қоректік заттардың жауапты және максимальды сіңірілу кезеңдері



бет2/9
Дата05.05.2023
өлшемі41,71 Kb.
#90346
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тынайткыш колдану

3.Өсімдікке қоректік заттардың жауапты және максимальды сіңірілу кезеңдері
Жалпы өсiмдiк қоректенуiнде жауапты (аумалы) және қорек- тiк элементтердi барынша көп пайдаланатын кезең болады. Жауапты кезеңде өсiмдiктiң қоректiк заттарды аз мөлшерде пайдалануына қарамастан сыртқы ортада олардың жетiспеушiлiгi немесе тапшылығы оның өсiп дамуына терiс әсер етедi. Бұл кезеңде өсiмдiктiң қоректiк заттарды сiңiруi оның бойында құрғақ заттың түзілуiнен қарқынды жүредi. әрбiр дақыл үшiн жеке қоректiк элементтермен қамтамасыз етiлуi түрлiше болады. Азот үшiн жауапты кезең фосформен салыстырғанда кешiрек басталады және ұзаққа созылады. Мысалы‚ астық дақылдарында 3-4 жапырақ пайда болған кездегi азоттың жетiспеушiлiгi, масақта дәннiң толық қалыптаспаушылығына әкеп соғады.
Егiстiкте өсiмдiктiң қоректенуiнiң жауапты кезеңi‚ әсерi ерте көктемде сыртқы орта температурасы мен топырақтағы органикалық заттарды ыдырататын (минерализация) микроорга- низмдердiң белсендiлiгiнiң төмендеуiмен сәйкес келедi. өсiмдiктiң қоректенуiнiң жауапты кезеңiнде оны фосформен қамтамасыз ету керек. Өйткенi фосфор өсiмдiктiң тамыр жүйесiнiң дамуында шешушi рөл атқарады.
Өсiмдiктiң қоректiк элементтердi барынша көп пайдалану кезеңiнде оның өсуi мен денесiнде құрғақ заттың қорлануы және қоректiк заттарды қабылдау қарқыны шұғыл жоғарлайды. Бұл кезеңде тыңайтқыш тиiмдiлiгi жоғары дәрежеде байқалады. Н.С.Авдонин (1954) көпшiлiк ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректiк заттарды барынша көп пайдаланатын кезеңiн тәжiрибе жүзiнде дәлелдедi. Мысалы‚ ас бұршақ үшiн 15-40 күн аралығы‚ жаздық бидай үшiн 20-45 күн аралығы (түтiктенуден толық масақ- тану)‚ тары үшiн 30-45 күн аралығы.
7. Жоспарланған қосымша өнімге арналған тыңайтқыштардың нормасын анықтау.
Тыңайтқыштың нормасы – 1га егістікке 1 жылға арналған тыңайтқыштың мөлшері.
Бұл әдіспен тыңайтқыштар мөлшері, дақылдарды интенсивті технология бойынша өсіргенде және суармалы аймақтар жағдайында аныктайды.
Ол үшін мына көрсеткіштерді ескеру керек.
1. Жоспарланған өнімнің қоректік заттарды пайдалануы. Ол үшін анықтама мәліметтерді пайдаланады (N° 3 қосымша кесте).
2. Бір гектар егістің жыртылатын қабатындағы қоректік элементтердің жылжымалы түрлерінің қоры. Бұл көрсеткіш килограммен өлшенеді. Оны анықтау үшін картограмма бойынша берілген 1 кг топырақ құрамындағы қоректік элементтің жылжымалы түрінің мг-мен көрсетілген мәнің 3-ке көбейтеді.
3. Дақылдардың топырақ және тыңайтқыш кұрамындағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті. Өсімдіктер шамамен топырақтан жылжымалы фосфордың 40, асмаспалы калийдің 15, нитратты азоттың 50, женіл ыдырайтын азоттың 20% -тін пайдаланады.
4. Ал өсімдіктердің тыңайтқыштар кұрамындағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті қосымша кестеде берілген.
8. Мақта ауыспалы егістік дақылдарын тыңайту жүйесі.
Мақты дақылы негізінен маңызды талшықты дақылдардың қатарына жатады және вегетациялық кезеңі 100-170 күн аралығында болады. 1т өнім және сондай мөлшерде сабақ-жапырақ түзу үшін топырақтан 40-50кг азот, 12-15кг фосфор, 50-70кг калий пайдаланылады. Мақта негізінен күңгірт боз, кәдімгі боз және ашық боз топырақтарда өсіріледі. Орта есеппен топырақтарда 1-2,5% қарашірік, 0,05-0,15% жалпы азот, 0,17-0,19% жалпы фосфор болады. Боз топырақтардың барлық типшелерінде жылжымалы флсфор аз, калий мөлшері көп болады. Мақтаға органикалық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор. Көңде ауыспалы егісте соңғы танаптарға гектарына 20-40т мөлшерде қолданылады. Мақта дақылына аммоний селитрасы, мочевина, суперфосфат, фторсызданған фосфат қолданылады.
9. Ауылшаруашылық дақылдарының топырақ құрамындағы қоректік заттарды пайдалануы.
Күздік бидай 1т негізгі және қосымша өнімінен топырақтан шамамен 30-35кг азот, 10-15кг фосфор, 24-25кг калийді, ал күздік қара бидай 25-30кг азот, 10-15кг фосфор және 20-25кг калий пайдаланады.
Күздік дақылдарының қоректік заттарды пайдалану кезеңдері.
1ші кезең – тұқым енгеннен бастап алғашқы жапырақ пайда болу аралығын қамтиды. Бұл кезде ол фосфор элементін көбірек пайдаланады, ол азот пен калийді тұқым құрамындағы сол элементтің есебінен қанағаттандырады.
2ші кезең – алғашқы жапырақ пайда болу мен гүлдеу фазасының арасы жатады. Бұл кезеңде өсімдіктің вегетациялық мүшенің өсіп дамуының қарқынды жүруіне байланысты күздік бидай топырақтан азот, фосфор, калий т.б қоректік элементтерді көп алады.
3ші кезең – гүлдеу мен толық піскенге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде дақылдардың вегетативтік мүшелерінде жиналған қоректік заттардың дәнге жылжуы қарқырды жүреді де, топырақтан қоректік заттардың өсімдікке өтуі баяулайды немесе тоқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет