1. Егістік тәжірибелер нәтижелері бойынша тыңайтқыштардың нормасын анықтау


Әсерлі заттың нормасына сәйкес тыңайтқыштың физикалық массадағы мөлшерін анықтаңыз (мысал келтіріңіз)



бет3/9
Дата05.05.2023
өлшемі41,71 Kb.
#90346
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тынайткыш колдану

10. Әсерлі заттың нормасына сәйкес тыңайтқыштың физикалық массадағы мөлшерін анықтаңыз (мысал келтіріңіз)
Егер CaCO3 орнына MgCO3, CaO немесе Ca(OН)2 қосылыстары болатын әкті пайдаланатын болсақ, әк мөлшерін тиісінше 0,84; 0,56 немесе 0,74 коэффиценттеріне көбейту керек. Бір гектарға арналған әктің физикалық массасын мына формуламен есептейі:
Д =
мұнда,
Н - СаCO3 -тің толық мөлшері, т/га;
В - мелиорант құрамындағы ылғал мөлшері, % ;
К - мелиорант құрамындағы көлемі 1 миллиметрден жо- ғары түйіршік мөлшері, %;
n - бейтараптау қабілеті, %.
Топырақты әктеу үшін пайдаланылатын мелиоранттар қатты, жұмсақ және өндіріс қалдықтары болып бөлінеді.
Негізгі әк материалдарына мыналар жатады:
• известняктар (55-56 % СаО және 0,9 % MgO);
• доломиттелген известняктар (42-55%) СаО және 0,9-9% MgO);
• доломиттер (30-32 % СаО және 18-20% MgO);
• әкті туф (90-98 % СаСО3);
• мергель (25-75 % CaCO3).
Сонымен бірге қант зауыттарының қалдығы болып саналатын дефекациялық балшық, сланц күлі де әк тыңайтқышы ретінде кеңінен қолданылады.
11. Бір жылдық және көп жылдық екпе шөптер мен шабындықтарды тыңайту
Мал азықтық екпе шөптер мен табиғи жайылымдықтардың өнiмiн көтеру үшiн түрлi агротехникалық шаралар қолданылады. Солардың iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi -тыңайтқыштарды тиiмдi пайдалану. Бiржылдық астық тұқымдас шөптердiң iшiнде судан шөбi - ең бағалы малазықтық өсiмдiк. Судан шөбiнiң бiр тонна құрғақ массасының құрамында 15 кг азот, 5 кг фосфор және 34 кг калий бар. Бұл шөптiң өнiмiне азот және фосфор едәуiр әсер етедi. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер топырақта фосфор мен калийдiң мол болуын қалайды. Ал азот оларға өте аз мөлшерде қажет болады.
12. Куздік бидай дақылын тыңайту
Күздік бидайды тыңайту жүйелері. Күздік бидай. Ашық қара қоңыр топыраққа егілген бұл дақылдан мыс, марганец, мырыш, молибден тұздарының 2-4 кг әсерлі заттарын қолданғанда шамамен 2-3 ц/га қосымша өнім алынады. Сонымен бірге, бұл тыңайтқыштар дән құрамындағы ақуызды 0,9-2%, ұлпаны 0,9-5,6% өсірді. Күздік бидайға берілетін минералдық тыңайтқыш мөлшерін топырақтағы қоректік заттардың шамасына, жоспарланған өнім деңгейіне және алғы дақыл ерекшеліктеріне қарай белгілеудің маңызы орасан зор. Күздік бидай ылғалмен ете нашар (жылдық жауын- шашын мелшері 200-220 мм), орташа (300-400 мм), мол (550-600 мм) қамтамасыз етілген телімі және суармалы жерлерде өсіріледі. Әрбір аймақтың ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай қолданылатын тыңайтқыштың мөлшері мен мерзімі өзгеріп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет