13. Аққаудандыкапустаны тыңайту Ақ қауданды капустаның ерекшелiгi - қысқа мерзiм iшiнде көп мөлшерде органикалық заттар түзетiн және қоректiк заттарды қарқынды пайдаланатын өсiмдiк. Оның көшетi егiстiкке отырғызылған соң алғашқы айында баяу өседi және шамамен 8‚5% азот‚ 6‚7% фосфор және 7‚5% калий пайдаланады (Журбицкий‚ 1963). Ал бас жарған кезде өзiнiң өсiп-жетiлуi кезiнде қажет болатын азот‚ фосфор‚ калийдiң 85%-ын пайдаланады.Қазақ ғылыми-зерттеу картоп-көкөнiс шаруашылығы инсти- тутының суармалы ашық қара қоңыр топырақта жүргiзген көпжылдық тәжiрибесiнiң қорытындысы бойынша тыңайтқыш мөлшерi артқан сайын капуста өнiмi де өседi. Мысалы‚ гектарына N60-100P60K45-60 бергенде оның өнiмi 44 пайызға‚ N90-150P60-90K70-100 қолданғанда 64 пайызға жоғарылаған.Капустаға органикалық тыңайтқыш қолдану оның өнiмiнiң көбеюiне және тезiрек пiсуiне әсер етедi. Әсiресе көңге қосымша азот және шамалы мөлшерде фосфор қосып беру өте тиiмдi. Сол сияқты капустаны көң берiлген алғы дақылдан соң отырғызу да оның өнiмiнiң артуына жақсы әсер етедi.Капуста өнiмiнiң сапасының жақсаруына микроэлементтердiң пайдасы үлкен. Мысалы‚ мырыш әсерiнен капуста өз бойына аскорбин қышқылын көп жинайды. Бор қолдану оның қанттылығын арттырады.Жалпы капуста өсiмдiгiне қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi оның сортына‚ өнiм шамасына‚ топырақтағы қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң мөлшерiне және топырақ типiне байланысты
14. Дәнді-бұршакты дақылдарды тыңайту Дәндi бұршақ дақылдары құрамы жағынан аса бағалы дақылдар тобына жатады. Олардың бәрiнде ақуыз мөлшерi дәндi дақылдармен салыстырғанда 2-3 есе көп болады. Сонымен қатар олар қоректiк элементтердi көп пайдаланады. Бiздiң Республикамызда арзан өсiмдiк ақуызын алу үшiн соя өсiрудiң практикалық маңызы үлкен. Соя өзiнiң вегетациялық дәуiрiнде керектiк заттарды бiркелкi қабылдамайды. Ол көктегеннен бастап гүлдеуге дейiн бүкiл вегетациялық дәуiрiнде пайдаланатын азоттың 35 пайызын, фосфордың 34 пайызын, калийдiң 36 пайызын сiңiредi. Осы элементтердiң қалған мөлшерiн гүлдеу мен толық пiсу аралығында пайдаланады. Соя дақылына фосфор мен калий тыңайтқыштарын қолдану тиiмдi. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметiне сүйенсек, соя тұқымын нитрагинмен (бактериалды препарат) өңдеу оның өнiмiн 43,6%-ға арттырған. Нитрагинмен тұқымды себуге пайдаланған жағдайда топырақты жыртар алдында мочевина немесе аммоний селитрасы түрiнде гектарына 30-60 кг азот беру керек. Сояға қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың тиiмдiлiгiн арттырудың ең тиiмдi тәсiлi-олардың орташа мөлшерiн топыраққа таспа түрiнде еңгізу. Қазақстанның суармалы аймағының қара қоңыр, боз топырақтарында өсiрiлетiн соя егiстiгiне микроэлементтердi қолданудың тиiмдi екенiн байқауға болады.