1. Егістік тәжірибелер нәтижелері бойынша тыңайтқыштардың нормасын анықтау



бет9/9
Дата05.05.2023
өлшемі41,71 Kb.
#90346
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тынайткыш колдану

25.Қарақұмық дақылын тыңайту
Қарақұмық жылылықты жақсы көретiн өсiмдiк. Оның тұқымы топырақ температурасы 7-8 градус болғанда көктей бастайды. Қарақұмықтың тамыры басқа дақылдармен салыстыр- ғанда жан-жағына жайылмай, терең бойлап өседi. Майда тамыршалары және тамыр түкшелерi ылғалмен қоректiк заттарды жақсы сiңiредi.
Қарақұмық тамырлары топырақтағы қиын еритiн фосфор қосылыстарын жақсы пайдаланатынын Д.Н.Прянишников тәжіри- белері көрсеттi. Алайда, басқа дәндi дақылдар сияқты қарақұмық та өзiнiң бастапқы кезеңiнде фосфордың суда жақсы еритiн түрiн көп керек етедi.
Қарақұмық дақылы бiр тонна дән және сондай мөлшерде сабан түзу үшiн шамамен 50 кг азот, 20-25 кг фосфор, 80-90 кг калий пайдаланады. Қарақұмық сабанында басқа дәндi дақылдарға қарағанда калий, фосфор, кальций элементтерi 2,5-3 есе жоғары. Бұл дақылдың қоректiк заттарды пайдалануы ауа-райына қарай өзгерiп тұрады. Мысалы, Қостанай облысының қара топырағында өсiрiлген қарақұмықтағы ылғал жеткiлiктi жылдары фосфор мөлшерi 0,76-1,12%, ал ылғал аз жылдары 0,13-0,34% болған. Қарабалық ауыл шаруашылық тәжiрибе стансасының деректерi бойынша жылжымалы фосфор мөлшерi аз кәдiмгi қара топыраққа фосфор тыңайтқышын беру қарақұмық егiсiнiң шығымдылығын арттырады Қарақұмыққа тыңайтқыш қолданудың ең тиiмдi тәсiлi - гектарына 20 кг Р2О5 тұқыммен бiрге беру.
Азот тыңайтқышының тиiмдiлiгi жауын-шашын мөлшерiне тәуелдi.
Ал калий тыңайт-қышын қолданудың пайдасы шамалы, өйткенi бұл дақыл топы-рақтағы калийдi жақсы пайдаланады.
Егiстi алғаш жыртқанда гектарына 60-90 кг Р2О5 қолдану ұсынылады.
Қарақұмық егiстiгiне органикалық тыңайтқыш әсерiнен оның пiсiп-жетiлуi кешiгедi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет