1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Қазақ жеріндегі ислам сәулет өнерінің басқа да ескерткіштері және олардың орта ғасырлық рухани мәдениет (Жошы хан, Алаша хан, Бекет ата кесенелері және т.б.)



бет16/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
20. Қазақ жеріндегі ислам сәулет өнерінің басқа да ескерткіштері және олардың орта ғасырлық рухани мәдениет (Жошы хан, Алаша хан, Бекет ата кесенелері және т.б.). Алаша хан күмбезі - Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзендері қосылар тұстағы биік жотаның үстінде орналасқан көне сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер жаңа болжам айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы 9,73х11,9 метр. Биіктігі 10 метр. Төңірегі қалың қорым, неше түрлі бейіттер тұрғызылған. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Олардың көлемі 230х14х60 мм, 260х230 мм, 320х320х60 мм, тағы сол сияқты әр түрлі болып келеді. Құрылыс үстінен биіктігі екі жарым метрге жуық барабан күмбез мойындығы салынып, одан күмбез шығарылған. Барабан сатыланып кішірейе түсетін төрт белдеуден тұрады. Көп қырлы және цилиндр тәрізді етіп жасалынған бұл белдеудің диаметрі 743,673,643 см. Кіреберіс қақпа-портал аркасы мен екі жақ ұстанды мұнаралық бөліктерінің биіктігі қандай болғандағы белгісіз. Олардың күмбез барабандары басталатын тұстан жоғары жағы жойылып кеткен. Күмбезге кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік айналма екінші қабатқа (барабан галереясы), одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Жарық кесенеге қабырғада орнатылған терезелер арқылы түседі. Портал мен күмбездің шыны сырлы қаптама жұқа өрнектерінен еш нәрсе қалмаған. Ары-бері өткен жолаушылар тәбәрік етіп алып кеткен болуы керек. Алаша хан күмбезінің шынайы қалпын онымен тұстас, сәулеттік үлгілері ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Бұл орайда ол, негізінен, Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне-көп Түркіменстанда кездеседі. Алаша хан күмбезін Қазақстан жеріндегі Айша Бибі, Жошыхан, Қожа Ахмет Яссауи мазарлары үлгілерімен де салыстыруға болады. Әсіресе, көне Сығанақ маңындағы Көк кесене ғимаратының көркемдік нақыштарымен үндестік бірден көзге түседі. Алаша хан күмбезінің әр түсті және әр көлемді кірпіштерді қиюластыра қалау арқылы геометриялық бейне жасап, күмбездің барлық беттерін масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектеуі Ұлытау өңіріндегі өзінен кейінгі бой көтерген Талмас ата, Жұбан ана, Болған ана, Қайып ата, Айранбай, Бұзау, Шегір, Дүзен, Ерден мазарларына үлгі болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет