1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Әл-Фарабидың іліміндегі болмыстың бастамалары жайлы көзқарастары



бет19/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
23. Әл-Фарабидың іліміндегі болмыстың бастамалары жайлы көзқарастары.

24. Әл-Фарабидың ақыл-ойдың (интеллекттің) түрлері жайлы ойлары. Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да сымбатты көрінісімен берілген. Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет. Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады. Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика” деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Мұнда Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объектідегі әрбір дара нәрседен алады. Пікірлер мен шарттардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданатыны немесе қабылданбайтыны ерік істерінің табиғатында болады. Жанның нақ осы бөлігін Аристотель “Этиканың” алтыншы кітабында интеллект деп атаған, - дейді Әл-Фараби. Интеллект сөзінің бесінші мағынасы Аристотельдің “Жан туралы” трактатынан алынады. Мұнда Аристотель интеллектті төрт түрге бөледі: а) потенциалды; б) актуальды; в) жүре келе дарыған және г) әрекетшіл интелект. Потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады. Форма деген ұғым Аристотельде, Әл-Фарабиде мән (сущность) деп алынады. “*Акл би л фи*л” – “актуальды интеллект”. Бұл мағынаға Аристотельдің “ойлауды-ойлау” деген ұғымы сай келеді. Мұнда Әл-Фараби ойлау мен болмыстың ұқсастығы қатынасын дамытады. Таным әрекетіне жеткенге дейін интеллект екі жағынан потенциалды. Субъект жағынан интеллект, әлі өзі дамытпаған пайымдау қабілеті ретінде потенциалды. Объект жағынан, оның потенциалды болатын себебі затқа ой жүгіртуге, оны ақылмен пайымдауға болады, оған мүмкіндік бар. Ақылмен пайымдауға болатын парықтарды – “интеллекция объектілерін” пайымдау, оларды потенциалдылықтан нақтылыққа айналдыру арқылы потенциалды интеллект актуалды интеллектке, яғни шын интеллектке айналады. Әл-Фарабидің “Азаматтық саясат”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары” атты шығармаларында кездестіре аламыз. “Ізгілік қаласында” философ “Бірінші себептер” ұғымын енгізеді және оны ең алдымен, материяны қажетсінбейтін болмыс ретінде қарастырады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет