1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Әл-Фарабидың қоғам және мемлекет туралы ойларының басты бағдарлары мен ұстанымдары



бет21/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
26. Әл-Фарабидың қоғам және мемлекет туралы ойларының басты бағдарлары мен ұстанымдары. Әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» және қазақ утопиясы Әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ең танымал еңбектерінің бірі – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат». Қоғамтану теориясы мен практикасы саласындағы құнды еңбек болушы бұл кітаптың түпнұсқасы араб тілінде жазылған. Араб тіліндегі атауы – «Китаб ‘ара’ ‘ахл ал-мадйна ал-фадила». Әбу Насыр әл-Фараби бұл кітаптың алғашқы нұсқасын «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» деген атпен 942 жылы жазған. Ал толық нұсқасын 948 жылы Мысырда аяқтаған екен. Кітаптың көшірілген нұсқалары әлемнің бірнеше музейлерінде, мұрағаттары мен кітапханасында сақталған. Атап айтқанда Британия музейінде және Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасы қорында бұл еңбектің бірегей нұсқалары бар. Аталған еңбек орта ғасырларда Еуропада кеңінен танымал болған. Ал кейінгі кезеңде алғаш рет 1895 жылы ғылыми айналымға біржола енгізілді. Осы жылы бұл еңбек Голландияның Лейден қаласындағы «Бирбил» баспасында арабтанушы ғалым Фридрих Дитрицидің баспаға әзірлеуімен жарық көрген. Бұл кітаптың маңыздылығы – автордың өз еңбегінде қала болып қауымдасып өмір сүретін адамзат баласының өзара ешбір қайшылықсыз, мінсіз идеал қоғамы қандай болуы керектігін жан-жақты сипаттауында деуге болады. Иә, адамзат тарихында меншік пайда болуымен мемлекет құрылып, оның өзіне тән сипаттары туып қалыптасқаны белгілі. Мемлекеттер өзінің құрылымы, басқару формасы, ұстанымы, күш-қуаты тұрғысында қаншалықты сан алуандыққа ие болса, олардың тарих сахнасындағы жетістіктері мен өзіндік ішкі қайшылықтары да соншалықты әрқилы болады. Адамзат баласы әрқашанда басқару механизмі барынша жетілген, мемлекетті құрушы барша халықтың көңілінен шығатын мемлекет құруға әрдайым талпынумен болды. Бұл тұрғыдағы әрекеттерге ой жүгірте отырып алғашқы ой-пікірлер білдіріп, зерттеу жүргізген – антикалық дәуірдің ойшыл-философтары болды Әбу Насыр әл-Фарабидің қайырымды қоғам құрудың қолайлы жолдарын іздейтін алты бөлімді «Қайырымды қала тұрғындары туралы трактаттар» кітабының әр бөлімінде не туралы қарастырылатынын бір-бір сөйлеммен айтып өтелік. Бірінші бөлімде Алла-Тағаланың болмысы және оның сипаттары, есімдері туралы қарастырылады. Екінші бөлімде рухани жандар мен періштелер болмысы және аспан денелері туралы қарастырылған. Үшінші бөлімде аспан денелері мен ғаламшарлық материалдық денелердің өзара байланысы туралы айтылады. Төртінші бөлімде адам және оның жан, тән қуаттары, еркек пен әйел және олардан жаратылатын баланың морфологиялық, физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктері туралы қарастырылады. Бесінші бөлімде адамның өз қалауы арқылы бар болған нәрселер мен адам қоғамы және оған не қажет, осы қоғамның жіктелуі т.б. жағдайларға сипаттама беріледі. «Қайырымды қала тұрғындары» кімдер, бұл қаланы құрайтын адамдардың ерекшелігі туралы айтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет