1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Әл-Фараби ғылымдардың түрлері жайлы көзқарастары



бет20/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
25. Әл-Фараби ғылымдардың түрлері жайлы көзқарастары. Ғылымдардың жіктелуі Әл-Фарабидің ғылым мен білімді жіктеуін, көзқарасы мен ұстанымы оның «Ғылымдардың жіктелуі» атты шығармасында анық баяндалған. Ғалым ғылымдарды негізгі бес бөлімге бөліп қарастырды: біріншісі – тіл білімі және оның бөлімдері, екіншісі – логика және оның бөлімдері, үшіншісі – «Ульум әт-та’алим» (математикалық ғылымдар). Бұлар: «әл-’адад» (арифметика), геометрия, «илм әл-маназыр» (оптика), тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, салмақ туралы ғылым, механика (Al-Farabi, 1975). Төртіншісі – физика және оның бөлімдері, «әл-’илм әл-иләһи» діни ілім және оның бөлімдері, бесіншісі – азаматтық ғылым және оның бөлімдері, фиқһ, кәләм (Al-Farabi, 1996). Ғалымның білімдерді бұлай жіктеуі Аристотельдің ғылымдарды сыныптауынан біраз ерекшеленді, яғни ғалым антикалық грек ойшылын қайталамады. Ол өзінің ұстанымына сәйкес дұрыс деп тапқан тізбекті жасап, өзінен бұрынғылардан еткен ғылым тізбегін толықтырып, заманға сәйкес пішін берді. Оның бұлай жасауына оның білімімен бірге жасаған орта мәдениеті де ықпал етті. Мысалы, тіл білімімен фикһ пен кәләм білімдерінің ғылым сыныптамасына енгізілуі осыны көрсетсе керек. Сол сияқты Аристотель физика мен метафизиканы екі жеке ғылым ретінде жіктеді. Ал әл-Фарабидің жіктеуінде физика мен метафизика реттілігі жағынан математика ғылымынан кейін келіп, бір сырадағы екі негізгі теориялық ғылым ретінде баяндалады. Сөйтіп ғылымның жіктелуіне араб-мұсылмандық мәдениетіне сәйкес рең берді. Мұсылман ойшылы ғылым мен білімдерді мынадай реттілікпен жіктеді. «Ильм әл-луға» (лингвистика): жалпы тілдің, ойлау және адамның күнделікті өмірде таптырмас мәнге ие болуына байланысты білімдердің жіктелуін тіл білімі бастайды. Мұнда әр тілдің негізгі екі бөлігі айтылады, сөз және оның мағынасы арасындағы байланыс мәселелеріне мысалдар беріледі. Сондай-ақ сөздерді пайдалану ережелерінің маңызы мен тіл біліміндегі орны да назардан таса қалмаған. Бір тіл бір ұлтқа тиесілі болғандықтан тіл әмбепатты бола алмайды. Өйткені әр халықтың, қауымның өзінің өміріне, салт-дәстүрі мен жағрафиялық орналасуына сәйкес өз тілі бар. Сондықтан да, тіл барлық халықтар үшін әмбепатты бола алмайды деген пікірді алға тартқан әл-Фараби тілдерге ортақ «әмбебап» заңдардың бар екенін және грамматика осы тіл ережелеріне сүйенетін, бірақ бұл ережелер де барлық тіл заңдылықтарын қамти алмайтынын айтады. Мысалы, жалпы ереже қандай өнерде болсын әмбебапты болып саналады (Jafar Ali Yasin, 1978). Ол сол белгілі ғылымды жан-жақты қамтитын ережелер жиынтығы. Әсілінде әрбір ереже өзіне қатысты өнердің көптеген жағдайын қамтиды деп ойлағанымен шын мәнінде олай толық қамтуы мүмкін емес. Ойшылдың мұнда айтпағы, әрбір тілдің өз тіл ережелері (грамматикасы) бар. Бір тілдің грамматикасы екінші бір тілге келмейді. Логика ғылымының бөлімдері Ортағасыр мұсылман ғалымы логика ғылымын сегіз бөлімге бөліп зерттейді. Олар логикалық білім беру жүйесінің негізгі тараулары ретінде қарастырылды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет