1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы



бет3/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
дәріс1

Мөлшерлестік қағидаты
Әкімшілік рәсімге қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектейтін шаралар мөлшерлес болуға, яғни жарамды, қажетті және пропорционалды болуға тиіс.
Егер шара Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталса, ол жарамды болып саналады.
Егер шара әкімшілік рәсімге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын ең аз дәрежеде шектейтін болса, ол қажетті деп саналады.
Егер әкімшілік рәсімге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу нәтижесінде алынған қоғамдық игілік осы шектеулер келтірген залалдан артық болса, шара пропорционалды деп саналады.
Әкімшілік қалауды жүзеге асыру шектері
Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде жүзеге асыруға міндетті.
Әкімшілік қалауды жүзеге асырған кезде Әкімшілік актіні қабылдау және әкімшілік әрекетті (әрекетсіздікті) жасау осы өкілеттіктің мақсаттарына сәйкес келуге тиіс.
Құқық басымдығы қағидаты
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамалық актілеріндегі барлық күмандар, қайшылықтар және көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі.
Сенімге құқықты қорғау
Әкімшілік рәсімге қатысушылардың әкімшілік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
Әкімшілік актіні, әкімшілік әрекетті (әрекетсіздікті) әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теріс деп белгілемейінше, олар заңды және негізді деп есептеледі.
Әкімшілік рәсімге адал қатысушылардың әкімшілік актінің күшін жою, әкімшілік әрекетті (әрекетсіздікті) жасау нәтижесінде туындаған шығындары ҚР ӘҚБтК-тің және (немесе) Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының ережелеріне сәйкес өтелуге жатады.
Сенімге құқық заңсыз әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасауға негіз бола алмайды.
Формалды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу
Әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуына, шектеуіне, тоқтатуына, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатымен міндеттер жүктеуіне тыйым салынады.
Дәйектілік қағидаты
Әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы табыс еткен материалдар, объектілер, құжаттар мен мәліметтер (бұдан әрі - құжаттар және өзге де мәліметтер) әкімшілік орган, лауазымды адам теріс деп белгілемейінше дәйекті болып саналады.
Құжаттардың және өзге де мәліметтердің төлнұсқалығына күмән болған кезде әкімшілік орган, лауазымды адам олардың төлнұсқалығын өз бетінше тексеруге міндетті.
Соттың белсенді рөлі
Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады.
Сот процесін басқаруды жүзеге асыра отырып, сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтініш хаттарымен, тараптар ұсынған дәлелдермен және дәлелдемелермен шектелмейді, әкімшілік істегі материалдар негізінде дауды дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды зерттейді.
Судья әкімшілік істі қарау кезінде қаралатын істің жеке және (немесе) заңды тараптарымен байланысты қандай да болсын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.
Сот өз бастамасы бойынша немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша әкімшілік істің нақты мән-жайларын толық және объективті түрде зерттеу үшін қосымша мәліметтер мен дәлелдемелер жинайды.
Әкімшілік процеске қатысушылар әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеуде және дәлелдемелер жинауда сотқа жәрдем көрсетуге міндетті.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі
Әкімшілік іс жүргізу жекелеген процестік әрекеттерді қоса алғанда, ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады, бірақ ол талап қоюды берген кезден бастап алты айға дейінгі мерзімнен аспауға тиіс.
Әкімшілік істердің жекелеген санаттары үшін заңда оларды қарау және шешу үшін өзге де мерзімдер белгіленуі мүмкін.
Ақылға қонымды мерзімді айқындау кезінде әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігі, әкімшілік процеске қатысушылардың процестік құқықтарды пайдалану және процестік міндеттерді орындау дәрежесінен көрініс табатын мінез-құлқы, әкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асырылатын сот әрекеттерінің процестік тұрғыдан жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
Егер тараптардың әкімшілік істі талқылауды соттың созып жібергені туралы негізделген кінәрат-талаптары бар болса, олар судьяға оны қарауды жеделдету туралы жазбаша арызбен өтініш жасауға құқылы.
Сот актілерінің міндеттілігі
Бірінші сатыдағы сот әкімшілік істер бойынша сот актілерін шешімдер және ұйғарымдар нысанында қабылдайды.
Апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттар сот актілерін қаулылар және ұйғарымдар нысанында қабылдайды.
Заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақыртулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, жеке тұлғалар үшін міндетті болады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныған заңдарға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген сот актілері орындалуға жатпайды және күші жойылады.
Сот актілерін, сол сияқты соттың талаптарын орындамау заңда көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соғады.
Сот актісінің міндеттілігі әкімшілік процеске қатыспаған мүдделі адамдарды бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін
сотқа өтініш жасау мүмкіндігінен айырмайды.
Сот актілері түпкілікті дайын болған күнінен бастап сот оларды үш жұмыс күні ішінде әкімшілік процеске қатысушыларға жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет