1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату



бет48/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Байланысты:
дәріс1

Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген орган:
1) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) ҚР ӘҚБтК-тің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;
3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам қайтыс болған немесе заңда белгiленген тәртiппен ол қайтыс болған деп жарияланған;
4) ҚР ӘҚБтК-тің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіру мерзімі өткен;
5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.
Тақырып 14. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары
§1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
§2. Заң бойынша қатысуы міндетті болып табылатын адамдардың іс бойынша іс жүргізуге қатысуын қамтамасыз ету шаралары
§3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесуді қамтамасыз ету шаралары
§ 4. Дәлелдемелерді алуды қамтамасыз ету шаралары.
§1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
ҚР ӘҚБтК-тің 785-бабына (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары) сай, Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға күдiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мүмкiн болмағанда, оны жасау, iстi уақтылы және дұрыс қарауды және iс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатерді, авария немесе техногендік апат қатерін болғызбау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде жеке тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудің мынадай шараларын қолдануға құқылы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу;
2) жеке тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алу;
3) күштеп әкелу;
4) жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді;
5) көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді жете тексеру;
6) құжаттарды, заттар мен тауарларды алып қою;
7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттету және оның алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан масаң күйiн куәландыру;
8) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу;
9) қарап-тексеру;
10) жеке тұлғаның алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйiн медициналық куәландыру;
11) ҚР ӘҚБтК-тің 48-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін
тоқтата тұру не оған тыйым салу.
Заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудің мынадай шаралары қолданылуы мүмкiн:
1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, ондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру;
2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою;
3) заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу немесе алып қою;
4) ҚР ӘҚБтК-тің 48-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін (жеке басты жете тексеруді, жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді қоспағанда), іс бойынша іс жүргізу кезеңінде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындау сатысында қолданылуы мүмкін.
ҚР ӘҚБтК-тің санамаланған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының әрқайсысы жеке немесе егер бұл қажеттіліктен туындаса, бір мезгілде басқа шаралармен бірге қолданылуы мүмкін.
Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрілген зиян үшiн жауапты болады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына ҚР ӘҚБтК-тің 44-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн. Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің талап етуі бойынша оған тиісті хаттамалардың және өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданылған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз
етуге қажетті өзге де материалдардың көшірмелері дереу табыс етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет