1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


§3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау



бет46/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
§3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
ҚР ӘҚБтК-тің 818-бабына сай (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртiбi), Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралуға жататынын, кiм және осы Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылатынын хабарлайды;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс бойынша іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті қарау туралы не iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iсті қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;
6) iсті қарауға қатысатын адамдарға ҚР ӘҚБтК-тің Кодексте көзделген олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;
7) іс жүргізу тілін айқындайды, мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, іс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде ана тiлiнде немесе өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адам өзі бiлетiн басқа да тiлде сөз сөйлеу, аудармашының көрсететін қызметтерін тегiн пайдалану құқығын түсiндiредi;
8) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiшхаттарды шешедi;
9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;
10) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;
11) мыналарға: егер iсті қарайтын лауазымды адамға қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, оның өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеуіне; егер қорғаушының, уәкiлеттi өкiлдің, сарапшының немесе аудармашының қарсылық білдіруі iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, олардың қарсылық білдіруіне; iстi қарауға қатысатын адамдардың келу немесе iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-тің 51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
12) ҚР ӘҚБтК-тің 816-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам немесе өкілдерінің әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер қозғауға құқығы бар мемлекеттік органның өкілі істі қарауға қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.
Қажет болған жағдайларда ҚР ӘҚБтК-те көзделген басқа да процестік әрекеттер жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет