1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


§3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесуді қамтамасыз ету шаралары



бет50/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59
Байланысты:
дәріс1

§3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесуді қамтамасыз ету шаралары
Әкімшілік ұстап алу
Әкiмшiлiк ұстап алуды, яғни құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның
жеке бас бостандығын қысқаша мерзімге шектеуді:
1) ҚР ӘҚБтК-тің 685-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді ішкі істер органдары (полиция) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не ҚР ӘҚБтК-тің 804-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – ішкі істер органдары;
2) төтенше жағдай режимi бұзылған кезде және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға итермелейтін iс-әрекеттер кезінде – төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери патрульдер;
3) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi бұзылған немесе терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгiленген талаптар орындалмаған кезде – терроризмге қарсы операцияға белгiленген құзыретi шегiнде қатысатын лауазымды адамдар;
4) ҚР ӘҚБтК-тің 726-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің лауазымды адамдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не ҚР ӘҚБтК-тің 804-бабы бірінші бөлігінің 44) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – осы қызметтің лауазымды адамдары;
5) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қолсұғушылықпен байланысты құқық бұзушылықтар жасалған кезде – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;
6) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы саласында құқық бұзушылықтар жасалған кезде – мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар органдары, сондай-ақ уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары;
7) көлiк бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар бұзылған кезде – осы органдар;
8) ҚР ӘҚБтК-тің 727-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді әскери полиция органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не ҚР ӘҚБтК-тің 804-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – әскери полицияның лауазымды адамдары;
9) табиғат қорғау заңнамасы бұзылған кезде – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары;
10) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі салаларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес – мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары;
12) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулердi жүргiзу қағидаларының бұзылуына, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларының бұзылуына, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын, аумақтық суларын (теңiзiн) және iшкi суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарының орындалмауына немесе оның жүзеге асырылуына кедергi келтіруге байланысты континенттiк қайраңда, аумақтық суларда (теңiзде) және iшкi суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған кезде – мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң,
геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны
және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;
14) егер құқық бұзушылық күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде жасалса – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдары;
14-1) ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қағидалар, талаптар бұзылған кезде – осы органдардың лауазымды адамдары; өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар, талаптар бұзылған кезде – осы органның лауазымды адамдары;
15) сот отырысы кезiнде залда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған кезде – сот приставтары жүргізе алады.
Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру
Жеке басты жете тексеру – құқық бұзышылықтарды анықтау және алдын алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не оның нысанасы болған құжаттарды, заттарды және басқа да нәрселерді табу және алып қою мақсатында адамның денесін және оның киімін мәжбүрлеп зерттеп-қарау.
Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру – жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын құрылымдық тұтастығын бұзбай зерттеп-қарау.
Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүргізеді, олардың тізбесі ҚР ӘҚБтК-тің 787-бабында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 98-бабының бірінші бөлігінде айқындалған және ол түпкілікті болып табылады. Көрсетілген шараларды басқа адамдардың жүргізуіне тыйым салынады және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Жеке басты тексерiп қарауды тексерiп қаралушымен жынысы бірдей адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзіледі.
Жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу кезеңінде ғана жүргізілуі мүмкін. Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді жүргізуге негіз болып табылады.
Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын (қол жүгiн, багажын, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де нәрселерін) тексерiп-қарау осы заттардың меншік иесі немесе иелігіндегі тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргiзіледi.
Жеке тұлғаның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге де нәрселер бар деуге негiздер болған ерекше жағдайларда, жеке басты жете тексеру, заттарын жете тексеру жиырма төрт сағат
iшiнде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсіз жүргiзiлуi мүмкiн.
Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді (жетуге қиын жерде, тәуліктің түнгі уақытында, төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында) жүргізуге куәгерлердің қатысуы шын мәнінде мүмкін болмаған кезде, оның барысын және нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылады.
Жеке басты жете тексеру, жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру туралы хаттама жасалады. Жеке басты жете тексеру туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, жеке басы тексерiп қаралған адам, заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердің, арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны және түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды тіркеудің өзге де тәсілдерінің қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және кинотүсiрiлiмдерiн, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де құралдарын қолдана отырып, қарап-тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса беріледi.
Жеке басты жете тексеру, заттарды жете тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттардың иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет