1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


§5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау



бет47/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59
Байланысты:
дәріс1

§5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау.
ҚР ӘҚБтК-тің 829-14-бабына сай (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдер):
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, шағымды, наразылықты қарап, сот мынадай қаулылардың бiрiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы;
3) қаулыны, нұсқаманы – өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
4) қаулыны өзгерту туралы;
5) қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі тоқтату туралы;
6) қаулының, нұсқаманың күшін жою және іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы.
Осы бапта көзделген қаулы заңды және негізделген болуға тиіс.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде судья бір мезгілде кінәлі адамның мүліктік залалды өтеуі туралы мәселені шешсе, онда қаулыда өндіріп алуға жататын залал мөлшері, оны өтеу мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы шығарылған күнінен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге негіз болып табылады. Онда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуге тиіс болатын мерзім көрсетіледі.
Қаулыда ҚР ӘҚБтК-тің 822-бабында көзделген мәліметтер көрсетілуге, сондай-ақ мәселелер шешілуге тиіс.
Істі, шағымды, наразылықты қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның қате екенін мойындай отырып, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына өзгертуге міндетті.
Көлік құралының жүргізушісін жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
Азаматтық және қызметтік қару иесін және (немесе) пайдаланушысын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберу кезінде азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілетін адамға беріледі.
Қаулыда ҚР ӘҚБтК-тің 54-бабының негіздерінде құқық бұзушының жүріс-тұрысына қойылатын ерекше талаптар белгіленуі мүмкін.
Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы:
1) ҚР ӘҚБтК-тің 741-бабында көзделген іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар болған;
2) ҚР ӘҚБтК-тің 742-бабында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
3) ҚР ӘҚБтК-тің 32-бабына сәйкес, тұлғаны тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдары тиiстi органдарға берілетiн жағдайларда шығарылады.
Істі, шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы жазбаша ресімделеді және оған осындай қаулыны шығарған судья қол қояды не осындай қаулыны шығарған судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.
ҚР ӘҚБтК-тің 883-бабына сай (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың заңды күшiне енуi) Әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама:
1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым берiлмесе немесе наразылық білдірілмесе, оларға шағым беру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша қаулы, сондай-ақ осы Кодекстің 839-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;
3) ҚР ӘҚБтК-тің 811-бабы екінші бөлігінің бірінші абзацында көзделген жағдайда дереу;
3-1) ҚР ӘҚБтК-тің 744 және 745-баптарында көзделген, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның және жәбірленушінің жазбаша өтінішхаты бойынша дереу;
4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы қаулы жария етілгеннен кейін заңды күшiне енедi.
(884-бап) Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың мiндеттiлiгi
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшiне енген кезінен бастап орындалуға жатады. Арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарылған кезінен бастап орындалуға жатады.
(885-бап) Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) немесе нұсқаманы ресімдеген органға жүктеледi. Қаулы оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнайы құқықтан айыру түрiндегі әкiмшiлiк жазаны қолдану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органдарға дереу жiберiледi.
(886-бап) Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға келтіру
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы уәкілетті органдар осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға келтіреді. Бір адамға қатысты бірнеше әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған жағдайда, әрбір қаулы, нұсқама дербес орындауға келтіріледі. Тұлғаның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы, бұл жазаны заңнамаға сәйкес мәжбүрлеу тәртiбiмен орындауға әкеп соғады.
(887-бап) Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген органға осы қаулыны, нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулы шығарған, нұсқаманы ресімдеген судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күндік мерзiмде қарайды.
Осының екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелердiң шешiлуiне мүдделi тұлғаларға олардың қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл ретте, мүдделi тұлғалардың дәлелсіз себептермен келмеуі тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болып табылмайды. Әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде
әкiмшiлiк қамаққа алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
Осының екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.
Қаулының көшiрмесi өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ өзінің өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге қолхатпен дереу тапсырылады. Аталған тұлғалар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi, бұл жөнінде iсте тиiстi жазба жүргізіледі.
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуынкейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту
Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл түрінде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуы мүмкiн болмайтын мән-жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган өзiне қатысты қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген адамның арызы бойынша қаулының, нұсқаманың орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет