Негізгі екпін мен көмекші екпін туралы Қазақ тілінде кейбір ұқсас морфологиялық құрылымдар екпін арқылы ажыратылады. Мұның өзі екпіннің қызметіндегі семантика-морфологиялық қызметін көрсетеді. Мысалы: жарма(зат.е), жарма(ет-к), сенде(кімде), сен де, (сіздің) атыңыз, (сіз) атыңыз т.б. Осы тәріздес тұлғасы бір, қызметі әр түрлі морфемалардың екпін арқылы ажыратылу жағдайын Н.К.Дмитриев түркі тілінен 9 түрін, И.А.Батманов қырғыз тілінен 5 түрін, І.Кеңесбаев қазақ тілінен 7, Ж.Аралбаев 9 түрін көрсетеді. Соңғы кезде ғалымдар қазақ, өзге де түркі тілдерінде 3-4 буынды сөздерде негізгі екпіннен өзге көмекші екпіннің бар екенін айтып жүр. Көмекші екпін туралы кезінде В.В.Радлов айтқан еді. Мәселен бұл ғалым түркі тіліндегі дауыстыларды динамикалы екпінге байланысты қарап, оларды негізгі екпінге ие дауысты, көмекші екпінге ие дауысты, екпін түспейтін дауысты деп 3-ке бөлген: ат-лар, ат-лар-ға, ат-ла-ры-ма, ат-ла-ры-мыз-ды.
Орыс тілінен енген сөздердегі екпін түсу ерекшелігі Орыс тілі арқылы енген интернационал сөздер қазақ тілінде өз екпін нормасын, өз ерекшеліктерін сақтап енуде. Дегенмен осындай сөздерге екпінді аффикстер қосылғанда қазақ екпін нормасына бағынып, кейбір ережелер пайда болды:
Екпіні ең бас буынына түскен екі буынды сөздерге бір буынды қосымша
қосылғанда негізгі екпін өз орнында қалып, қосымшада көмекші екпін жасалады: карта-картаны, ректорға, ротасы, рапорты, т.б.
Осындай екі буынды сөзге екі және одан да көп қосымшалар қосылғанда негізгі
екпін әлсізденіп, көмекші екпінге айналады да негізгі екпін қосымшаға түседі: карталарды, ректорымыз, т.б.
Екпіні ең басына түскен 3 буынды сөздерге қосымша қосылуымен бастағы екпін
әлсізденіп, көмекші екпінге айналады да негізгі екпін қосымшаға түседі: армиямыз, армиямыздан.
Екпіні ортаңғы буында келген сөздерге қосымша қосылғанда екпіні әлсіреп,
көмекші екпінге айналады да негізгі екпін сөздің соңына түседі: машина-машинадан, новатор-новаторлық.
Екпіні ең соңғы буында тұрған сөзге аффикс қосылғанда екпін, әдеттегідей,
қосымшаның соңғы буынына ауысып отырады:офицерлер, министр-министрге.