Педиатрия
106. Перзентханадағы нәрестелерді жаппай тексеру кезінде бір баланың доңғағынан альбумин анықталды. Осы баладан нені болжауға болады?
1. Фенилкетонурия
2. Гипотиреоз
3. Муковисцидоз
4. Лактазды жетіспеушілік
5. Целиакия
107. 6 күндік қыз бала. Бірінші жүктіліктен, жедел туыт. Туылғандағы салмағы 3100 грамм, бойы 51 см, 3-ші тәулікте кеуде мен іште қабыршақтану, сүт бездерінің екі жақты ісінуі, қынаптан қан кету байқалды. Іш жұмсақ. Нәжісі ботқа тәрізді, тәулігіне 6 ретке дейін. Биохимиялы қан анализінде: билирубин: тікелей емес -140 мкмоль\л, тікелей – жоқ.
Бұл симптоматика төменде көрсетілген қай патологияға ЕҢ лайықты?
1. Жаңа туылғандардың маститі
2. Гемолитикалық сарғаю
3. Жаңа туылғандардың физиологиялық диспепсиясы
4. Жыныстық криз
5. Жаңа туылғандардың улы эритемасы
108. Мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы ревакцинозия жүргізілді. 7 жастағы ұл бала. Анамнезінен: балада БЦЖ екпесінен соң келлоидты тыртықтар түзілген.
БЦЖ ревакциназиясына қатысты дәрігердің шарасы:
1. Күнтізбе бойынша егу
2. Медициналық әкету 6 айға дейін
3. Медициналық әкету 1 жасқа дейін
4. Ревакцинацияға жатпайды
5. Келлоидты тыртықтарды емдегеннен соң жатады
109. 1 айлық балаға патронаж кезінде сол жақ қолтық астында тығыз, ұлғайған, ауырсынусыз лимфо түйіні анықталды, пальпацияланған кезде флюктуация байқалады. Қалған лимфо түйіндерінің топтары ұлғаймаған. Күнтізбе бойынша егілген екпенің асқынуы қайсысы?
1. Келоидты тыртық
2. Везикулонекротикалық реакция
3. Регионарлы лимфоденит
4. Генерализденген БЦЖ-ит
5. Остеомиелит
110. 1,5 жастағы ұл бала. Шағымдары: терінің қышуы, терідегі бөртпелер. Объективті: терісі құрғақ, ұрттарының гиперемиясы, аяқ-қолдың, мойын, шап аймағының терісінің папула-везикулезді бөртпелері бар.
Осы балада қандай профилактикалық егудің тактикасын қолданған жөн?
1. Салыстырмалы медициналық қарсы көрсеткіш
2. Жеке күнтізбек бойынша
3. Абсолютті медициналық қарсы көрсеткіш
4. Уақытша медициналық қарсы көрсеткіш
5. Күнтізбек бойынша
111. Қыз бала 18 күндік. Өмірінің бірінші күндерінен көкжөтел сияқты тұрақты жөтел мазалайды. Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Қарап тексергенде: өкпе үстінде қысқаратын және тұйықталатын аймақтары бар перкуторлы дыбыстар естіледі, аускультативті- әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар екі жақтан. Үлкен дәреті көп мөлшерде, жағымсыз иісті, жылтыр түйіршіктері бар тұтқыр, тәулігіне 8 ретке дейін.
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ болып табылады?
1. Кеуде торының рентгенограммасы
2.Тер электролиттері
3. Жалпы қан анализі
4. Қақырық микроскопиясы
5. Копрологиялық зерттеулер
112. Қыз бала, 2 апталық. Тамақ бергеннен кейін кішкене мөлшерлерде құса бастап, кейін фонтан тәрізді құсу пайда болды. Құсық массаларының көлемі алдыңғы емген сүт көлемінен асады. Объективті: ұйқышаң, терісі құрғақ, тіндер тургоры төмендеген, аяқ-қолдардың треморы байқалады, бұлшықеттік гипертония. Науқасты емізгенде асқазанның перистальтикасы байқалады. Кіші дәретке баруы сирек. Іші қатуға бейім.
Төменде аталған әдістердің қайсысы ЕҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ жүргізілуі тиіс?
1. Фиброгастродуоденоскопия
2. Рентгенологиялық зерттеу
3. Колоноскопия
4. Ішек флорасын зерттеу
5. Ультрадыбысты зерттеу
113. 5 күндік нәресте, жанұялық дәрігер бақылауына түсті. Перзентханада вирусты гепатитке қарсы және БЦЖ егулері жасалды.
Қанша уақыттан кейін БЦЖ жасалған жерде папула дамиды?
1. 1 апта
2. 2 апта
3. 3 апта
4. 4 апта
5. 5 апта
114. Ұл бала, 2 жаста. Дене қызуы көтерілген, ылғалды жөтелі бар. Анамнезінде жыл бойына 2-3 рет суық тиіп ауырған. Объективті: температура 37,50C, аңқада айқын емес катаральды өзгерістер, перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультативті қатаң тыныс, жөкпенің барлық алаңында жөтелгеннен кейін жойылатын көптеген әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар .
Төменде аталған алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?
1. Жедел бронхит
2. Обструктивті бронхит
3. Рецидивиртеуші бронхит
4. Бронхиолит
5.Созылмалы бронхит
115. Ұл бала, 14 жаста. Ылғалды жөтелге, субфебрильді температураға шағымданады. Анамнезінен: 4 жыл бойы ауырады. Қақырықты жөтелмен жылына 3 ай бойы ауырады. Қарап тексергенде: физикалық дамуы шектелген, боз, тершең. Кеуде торшасы бүйірлерінен ысылған, астына қарай ашылған, “дабыл таяқшсы”, сағат әйнегі” симптомдары бар. Аускультативті: өкпесінде қатаң тыныс, әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?
1. Созылмалы бронхит
2. Альвеолит
3. Рецидивті бронхит
4. Жай бронхит
5. Бронхиолит
116. 3 айлық бала, 2 күн бойы ауырады. Ауруы катарльды құбылыстардан, жөтел, мұрыннан су ағудан басталған. Объективті: кеуде клеткасының шығыңқы жерлерінің кіруімен, мұрын қанатының кернелуімен, периоральды цианоз көрінеді. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Перкуторлы қораптық реңі бар өкпелік дыбыс, аускультативті тыныс алу және тыныс шығарудың ең басында байқалатын көптеген майда көпіршікті және крепитациялық сырылдар бар.
Диагнозды қою үшін қай әдіс ЕҢ ТИІМДІ болып саналады?
1. Тер хлоридтері
2. Флораға себінді
3. Қақырық анализі
4. Рентгенография
5. Пневмотахометрия
117. Балалардағы ингаляциялық кортикостероидтармен емдегенде ЕҢ жиі кезедесетін жанама әсері?
1. Артериальды гипертензия
2.Аяқ-қолдардың треморы
3. Остеопороз
4.Ауыз қуысының кандидозы
5. Иценко-Кушинг синдромы
118. 7 жастағы қыз бала. Ұстамалы құрғақ жөтелге шағымданады. 6 жасында алғашқы ұстама пайда болғаннан бері ауырады. Қарап-тексергенде: тынысы ысқырықты, тыныс шығаруы ұзарған.Тыныс жилігі 32 рет минутына. Өкпе үстінен перкуторлы қораптық дыбыс, аускультатвті көп мөлшерде өкпенің барлық аймағында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,3х1012\л, Нb - 118г\л, лейкоциттер - 5,8х109/л, таяқшаядролылар - 1%, сегментядролылар - 48%, эозинофилдер - 14%, лимфоциттер - 29%, моноциттер - 8%, ЭТЖ – 3 мм\сағ.
Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ маңызды?
1. Қақырықтың жалпы анализі
2. Спирография
3. Кеуде қуысының рентгенографиясы
4. Бронхоскопия
5.Белок және оның фракциялары
119. 13 жасар қыз бала. Күнделікті күндізгі уақыттағы тыныс алудың қиындау ұстамаларына, физикалық жүктемеге төзімділіктің төмендеуіне шағымданады. Қарап-тексергенде: тынысы ысқырықты, алыстан естіледі, тыныс шығару ұзарған. Тыныс алу жиілігі 34 рет минутына. Өкпеде қораптық дыбыс, аукультативті көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және ылғалды сырылдар өкпенің барлық аймағынан естіледі. Спирогаммада форсирленген тыныс алу көлемі 1 секундта -70%.
Төменде келтірілген препараттардың қайсысы ЕҢ тиімді?
1. Аминофиллин 150мг тәулігіне
2. Беклометазон 100мкг 2 рет тәулігіне
3. Преднизолон 0,2мг\кг\тәулігіне пероральды
4. Сальбутамол 100мкг 1 мөлшер 4 рет тәулігіне
5. Теопэк 300мг 1 рет тәулігіне
120. 6 жастағы ұл балада тексеру кезінде анықталды: гайморит, бронхоэктаздар, ішкі мүшелердің айна тәрізді орналасуы.
Төменде көрсетілген қай патологияға айтылған симптоматика ЕҢ ТӘН болып келеді?
1. Муковисцидоз
2. Өкпе гемосидерозы
3. Гудпасчер синдромы
4. Картагенер синдромы
5. Хаммена-Рич синдромы
121. 4 айлық бала. Шағымдары: мазасыздық, ұйықтағанда шошу, шүйде шаштардың түсуі. Объективті: тері бозарған, таза, шүйде шаштарының түсуі, еңбек қырлары жұмсақ, босаған. Бұлшықет тонусы төмен, буындары ойнамалы. Іш "бақаныкіндей" , бауыр +2 см қабырға доғасынан асып тұр. Зәрі қышқыл иіспен.
Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
1. Хондродистрофия
2. Фосфат-диабет
3. Бүйректік тубулярлы ацидоз
4. де Тони-Дебре-Фанкони ауруы
5. Рахит
122. 3 айлық ер бала. Уақытында туылған, салмағы 3600 грамм, бойы 52 см. Емшек сүтімен қоректенеді. 1,5 айлығында қорқақшыл, ұйыктап жатып шошу, қолға алған кезде жылау пайда болған. Объективті: терісінде бөрітулер, ұзақ қызыл дермографизм .Үлкен еңбек 3х3 см,қырлары бостау Биохимиялық қан анализінде: Са++ - 2,28 ммоль/л
Берілетін Витамин Д дозасы қандай?
1. 500 МЕ
2. 1000 МЕ
3. 1500 МЕ
4. 2000 МЕ
5. 2500 МЕ
123. 2 жасар ер бала, себепсіз дене қызуының көтерілуіне, шөлдеу, тәуліктік зәрдің мөлшерінің көбеюіне шағымданады. Объетивті: физикалық даму жағынан қалуда, салмағы 9 кг, бойы 76 см, терісі құрғақ. Маңдай мен төбе төмпешіктері ұлғайған, қабырғада тасбиктер, кеуде клеткасы төменгі бөлікте бқрылған, аяқтарында вальгусты деформация. Іш үлкейген, бауыр қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Полидипсия, полиурия.
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қойғанда маңыздырақ болады?
1. Қышқыл – сілтілік жағдай
2. Қандағы калий и натрий
3. Сулкович сынамасы
4. Зәрдегі фосфаттарды анықтау
5. Сілтілі фосфатазаны анықтау
124. 12 жастағы қыз. Эпигастрийдегі белдемелі ауру сезіміне шағымданады. 6 сағат бұрын ауырды. Жеңілдік әкелмейтін екі рет құсу болды. Объективті: терісі бозарған, тілі ақ өңезбен, температурасы 37,80C, іші кепкен, эпигастрийде кернелген. Ортнер симптомы күмәнді. Мейо-Робсон нүктесінде ауырады. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,8х1012/л, гемоглобин 120 г/л, лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 18 мм/час. Тазартқыш клизмадан кейін нәжісі майлы, тығыз.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1.Жедел гастрит
2.Жедел дуоденит
3. Жедел холецистит
4.Жедел аппендицит
5.Жедел панкреатит
125. 8 жасар ұл. Ішінде және оң қабырға астында қатты ұстама тәрізді ауруына, жүрек айну, қайталап құсуға шағымданады. Ауруы кенет түнде басталды. Объективті: терісі бозарған, шырыштары құрғақ, тілі ақ өңезбен. Іші аздап кепкен, кернелген. Кер, Мендель, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. Нәжісі 3 күн бойы жоқ. Жалпы қан анализінде: эритроциттер-3,9х109л, Нb-125г/л, лейкоциттер-11,5х109/л, ЭТЖ–25 мм/сағ. Ультрадыбыстық зерттеу: өт қабының қабырғасы 3 см көп.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Гастрит
2. Холецистит
3. Панкреатит
4. Аппендицит
5. Геморрагиялық васкулит
126. 11 жасар қыз. Сол иыққа берілетін эпигастрийдегі ауруына, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Объективті: беттің қызаруы, тілі өңезделген, температурасы 380C, пульсі минутына 90 рет. Іші кепкен, кернелген. Керт, Френкель симптомдары оң. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,8х1012/л, Нb 120г/л, лейкоциттер 12,8х109/л, ЭТЖ 26 мм/сағ. Рентгенологияда: 12 елі ішек ілмектерінің айналуы, дуоденостаз.
Аталған көрсеткіштердің ішінде бұл ауру кезінде ЕҢ арнайы болып табылатын қайсысы?
1. Трансаминаза
2. Липаза
3. Қант
4. Трипсин
Достарыңызбен бөлісу: |