1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет14/23
Дата20.06.2023
өлшемі254,22 Kb.
#102543
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Тесты-на-ПГА-ИиР-ВОП1-2012-год-каз

Травматология

366. 43 жастағы өрт сөндіруші. Қышқыл шығаратын химиялық зауыттағы өрттен кейін көптеген күікпен түсті. Химиялық зат сіңген киімін шешіндіріп, 10-15минут бойы жарақаттанған аймақты салқын сумен тазалап жуды.


Төменде көрсетілген химиялық нейтрализаттардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
1. Глицерин
2. Мыс купоросы
3. Натрий тиосульфаты
4. Магний тотығы
5. Натрий гидрокарбонаты

367. 43 жастағы әйел. Көлік апатынан кейін аяғының ауру сезімімен қансырауына шағымданады. Жалпы қарап тексергенде: қозғыш, есі анық, тері жабындысы бозғылт, артериалық қан қысымы 100/65 мм с.б, пульс 80 рет минутына, тыныс жиілігі 20 рет минутына. Оң балтыр аймағында дұрыс емес пішінді 63см жара анықталады, сүйектің сынған бөлшектері көрінеді, пальпация кезінде крепитация анықталады.


Көрсетілген емдік шаралардың қайсысы ЕҢ алғашқы болып табылады?
1. Стерильды таңғыш таңу
2. Сүйектің сынған бөлшектерін түзету
3. Жгут қою
4. Шина қою
5. Жансыздандыратын дәрілерді еңгізу

368. 29 жастағы ер кісі, апаттан кейін. Құсумен жиіліген сирек тынысқа шағымданады. Жалпы қарап тексергенде: қозғыш, терісі бозғылт, көгерген, тыныс жиілігі 40 рет минутына, артериалдық қан қысымы 100/60 мм.сбб., пульс 100 рет минутына, перкуссияда сол жақтан тимпаникалық дыбыс, Щеткин-Блюмберг симптомы бірден оң. Рентгенограммада: асқазан плевра қуысына ығысқан.


Төмендегі көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
1. Диафрагманың жыртылуы
2. Бауыр жыртылуы
3. Аш ішегінің жыртылуы
4. Ұйқы безінің зақымдалуы
5. Тоқ ішек жыртылуы

369. 26 жастағы ер кісі. Футбол ойынынан кейін пайда болатын тізе буындағы ауру сезіміне шағымданады. Жалпы қарап тексергенде: аяқ тізеге қарай 120 бұрышқа бүгілген, аяғын бүккен және жазған кезінде серіппелі кедергі сезіледі, тізенің ішкі жағының пальпациясы ауру сезімді.


Төменде көрсетілген қосымша зерттеу әдістердің ең тиімдісі қайсысы?
1.Пневмография
2.Рентгенография
3.Ультразвуковое исследование
4. Магнитно-резонансная томография
5.Допплерография

370. 26 жастағы ер кісі, шахтер. Жұмыстан кейінгі апаттан кейін түсті. Жалпы қарап тексергенде: сана сезімі жоқ, аяқ қолдың дірілдеуі, қарашығы кеңейген, склерасымен конъюктивасы қанталаған, тынысы сирек, үзіліспен, жиілігі минутына 15 рет, пульс 50 ерт минутына, артериалдық қан қысымы 80/40 мм.с.б, мұрыннан және құлақтан ликворея


Көрсетілген болжам диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Бас ми сауыты күмбезі сынуы
2. Бас ми сауыты негізі сынуы
3. Бас миының шайқалуы
4. Бас миының соғылуы
5. Бас ми сауытының сызаты

371. 53 жастағы ер кісі. Ауызын жаба алмауына шағымданады. Жұбайының айтуынша, аузын қатты ашып есінегенне кейін пайда болған. Жалпы қарап тексергенде: аузы қатты ашылған, көптеген сілекей ағуда,ұрты қалыңдаған, иегі төмен ығысқан, есту саңылауының алдында кішкене ойыс анықталады, ал бет доғасы шығып тұр. Рентгенограммада: буынның басы буын ойысының алдынан анықталады.


Көрсетілген болжам диагноздардың ең ықтималы қайсысы?
1. Төменгі жақтың шығуы
2. Төменгі жақтың сынуы
3. Төменгі жақтың тармағының сынуы
4. Төменгі жақтың альвеоларлы өсіндісінің сынуы
5. Төменгі жақтың орнынан таюы

372. 35 жастағы әйел, хатшы болып жұмыс атқарады. Жарақаттан кейін оң қолының ауру сезіміне шағымданады. Рентгенограммада: кәрі жіліктің «типті жерден» ығысуынсыз сынуы. Қолдың иммобилизациясы жасалынды.


Уақытша жарамсыз парағының мерзімін қанша уақытқа созу ЕҢ қолайлы?
1.1-2 апта
2.3-4 апта
3.5-6 апта
4.7-8 апта
5. 9-10 апта

373. 36 жастағы ер кісі, көлік апатынан кейін. Рентгенограммада: асықты жіліктің проксимальды бөлігінің сынуы.


Төменде көрсетілген қосымша зерттеу әдістердің ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Допплерлі зерттеу
2. Ангиография
3. Ультрадыбыстық зерттеу
4. Компьютерлі томография
5. Аксиальды рентгенограмма

374. 23 жастағы ер кісі апаттан кейін іштің айналмалы иррадияцияланатын ауру сезіміне шағымданады. Жалпы қарап тексергенде: қозғыш, терісін суық тер басқан, бозғылт, тыныс жиілігі 30 рет минутына, артериалдық қысымы 100/60мм.сбб., пульс 100 рет минутына, іші кернелген, эпигастрий аймағында гематома, перкуссияда сол жақтан тұйықталған дыбыс, Щеткин-Блюмберг симптомы бірден оң.


Төмендегі көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
1. Көкбауыр жыртылуы
2. Бауыр зақымдалуы
3. Аш ішегінің жыртылуы
4. Ұйқы безінің зақымдалуы
5. Тоқ ішек жыртылуы

375. 30 жастағы ер кісі, апаттан кейін іштің ауру сезіміне шағымданады. Жалпы қарап тексергенде: қозғыш, терісі салқын термен жабылған бозғылт, тыныс жиілігі 30 рет минутына, артериалдық қан қысымы 100/60 мм.сбб., пульс 100 рет минутына, іші кернелген, эпигастрий аймағында гематома, перкуссияда сол жақтан тұйықталған дыбыс, Щеткин-Блюмберг симптомы бірден оң. Рентгенограммада: құрсақ қуысында бос газдар, құрсақ қуысын шайылған су лайлы.


Төмендегі көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
1. Көкбауыр жыртылуы
2. Бауыр зақымдалуы
3. Аш ішегінің жыртылуы
4. Ұйқы безінің зақымдалуы
5. Тоқ ішек жыртылуы

376. 27 жастағы ер кісі, апаттан кейін. Қан құсумен, жиіліген сирек тынысқа шағымданады. Жалпы қарап тексергенде: қозғыш, терісі бозғылт, көгерген, тыныс жиілігі 40 рет минутына, артериалдық қан қысымы 100/60мм.сбб., пульс 100 рет минутына, перкуссияда сол жақтан тимпаникалық дыбыс. Рентгенограммада: асқазан плевра қуысына ығысқан.


Төмендегі көрсетілген шаралардың ішінен ЕҢ алғашқысы қайсысы?
1. Коникотомия
2. Перикардиоцентез
3. Лапароцентез
4. Плевральды пункция
5.Плевра қуысының дренажы

377. Төмендегі көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы табанның патологиялық өзгерісін бағалау үшін ЕҢ тиімді?


1. Плантографиялық
2. Визуальды
3. Томографиялық
4. Рентгенологиялық
5. Ультрадыбысты

378. 22 жастағы ер кісі, студент. Ұзақ жүргеннен кейін аяқтың ауру сезіміне және ісінуне шағымданады. Бірақ демалғаннан кейін кетеді. Жалпы қарап тексергенде: гиперстениялық дене бітімі, өкшенің сыртқы беті ісінген, табан пронацияланған, ұзарған және кеңейген, ортаңғы бөлімінде көлденең күмбезі төмен түскен.


Көрсетілген болжам диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Жалпақтабан
2. Өкшелік фасцит
3. Ахилл сіңірінің тендиниті
4. Артроз мелких суставов стопы
5.Таранды-ладьевидты буынның остеоартрозы

379. 6 жастағы бала. Аяқтарының терлегіштігі және табанның сасық иісіне шағымданады. Жалпы қарап тексергенде: жүрген кезінде қысым түсетін табан аймағында - тері гиперемияланған, жылтыраған және сызаттар анықталады.


Көрсетілген болжам диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Ұсақ нүктелі кератолиз
2. Өкшелік дерматоз
3. Табан сүйегінің остеохондропатиясы
4. Өкшелік сүйел
5. Өкшелік фасцит

380. 1 жастағы ұл бала. 9 айында жүре бастады, жүрісі икемсіз, қатты тебеді, қолға алуын сұранады, аяқ киімді тез тоздырады. Жалпы қарап тексергенде: оң аяғы қолға ұстағанда салқын, табаны дөңестелген, табанның алдыңғы бөлігі сыртқа қайырылған.


Ең тиімді емдік тактикасы қайсысы?
1. Емдік гимнастика
2. Ортопедиялық аяқ киім
3.Сипалау
4.Жылы ванночкалар
5.Қатты таңу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет