1. «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбына қандай пәнді кіріктірген тиімді және оның жолдарын атаңыз



бет11/37
Дата17.01.2023
өлшемі2,87 Mb.
#61620
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
экзамен кіріктіру (жауаптарымен) (копия)


Билет №7



  1. Химия және география пәндерін байланыстыра отырып, мұнайға байланысты тақырыпты түсіндіре алатын әдіс – тәсілдер.

Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.
Енді мектепте тақырыпты түсіндіруде ең тиімді әдіс, оқушылардың алдына үлкен карта көрсету және Қазақстан түпкір жерлеріндегі барлық мұнай өндірісіне байланысты әртүрлі суреттер арқылы көрсеткен тиімді. Тағы бір әдіс ол Қазақстан Республикасы мен өзге шетел елдерді салыстыра көрсету, яғни мысалға АҚШ пен Қазақста Республикасының энергия көздерімн мұнайды салыстыру.


2. Металдардың қоршаған орта әсерінен коррозиялануы және онымен күресу жолдарын ұсыныңыз
Коррозия дегеніміз — металдардың және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен иондануы, бұзылуы, нәтижесінде металдық қасиетінің жойылуы. Яғни, коррозия кезінде металдар тотығып ион күйіне көшеді.
Ме0 – ne → Me
Металдардың бүліну процесі коррозия латынша: (corrodere –желіну) деп аталады.
Металдар мен құймалардан жасалған өнеркәсіптік қондырғылар, ауылшаруашылық техникасы, қатынас келіктерінің тетіктері, энергетика және химия өнеркәсібінің қондырғылары жемірілуге ұшырайды. Жемірілудің келтірген зиянынан металл бұйымдар пайдалануға жарамсыз болып қалады, бұл тіпті түрлі апаттарға соқтыруы мүмкін. Сондықтан жемірілу процесінің негізін біліп, оның зардаптарын болғызбау жолдарын үйрену керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет