Коррозиядан қорғау: 1) Қоршаған қабаттардымен қаптау:
А)металдық
Б)бейметалдық
2) Жемірілуге тұрақты құймалар
3) Электрохимиялық қорғау әдістері.
4) Қоршаған ортаның құрамын өзгерту
5) Металдарды жаңа конструкциялық материалдармен алмастыру
Билет №8
Химия мен ағылшын пәндерін байланыстыра отырып, органикалық терминдерге жаттығу тәсілдері.
Қазіргі кезде Қазақстанда білім беру саласында химия, биология пән мұғалімдерін ағылшын тілін кіріктіріп оқыту курстары жүргізіліп жатыр. Бұл курстың мақсаты - оқушының тек бір пәнді ғана меңгеріп қоймай, барлық пәндерді ағылшын тілін бірдей меңгеруге үйрету. Бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға химия пәнінен көптеп қатысуда. Ал осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Көп жағдайда химия пәнін жақсы меңгерген оқушылар ағылшын тілін жетік білмегендіктен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Осы кедергілерді жою мақсатында, мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді. Қазіргі оқыту үдерісінде – жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытып, ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін көтеруді қамтамасыз етуде. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру шет тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуынан көрінеді. Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Сабақ барысында қосымша берілетін химиялық элементтерді үш тілде жазу және айту оқушының сөз қорын қалыптастырады. Қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде. Осының барлығын негізге ала отырып химия пәнін үш тілді үндестіре оқытудың маңызы да зор.