1. Электромагниттік сәуленің табиғаты және оның негізгі сипаттамалары, эмс спектрі Электромагниттiк сәуле спектрi


Сонымен классикалық физикада кезкелген дененің энергиясы үздіксіз өзгере алады,яғни дене энергияны кезкелген мөлшерде қабылдап және жоғалта алады деп ұйғарылады



бет10/47
Дата11.12.2023
өлшемі6,59 Mb.
#137730
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
атомка

Сонымен классикалық физикада кезкелген дененің энергиясы үздіксіз өзгере алады,яғни дене энергияны кезкелген мөлшерде қабылдап және жоғалта алады деп ұйғарылады.
Қара дененің сәуле шығаруы,Комптон эффекті сияқты құбылыстарды кванттар-фотондар ағыны ретінде қарастырылғанда түсіндіруге болады.
Ал,жарықтың интерференция,дифракция және поляризация құбылыстары жарықты электромагниттік толқын деп қарастырғанда ғана түсіндіріледі.
Жарықтың қысымы және сынуы толқындық теория бойынша да түсіндіріледі.Сонымен,жарықтың корпускулалық-толқындық дуализмі (екі жақтылығы)байқалады:бір құбылыстарда оның толқындық табиғаты білінеді де,ол өзін электромагниттік толқын сияқты көрсетеді,басқа құбылыстарда жарықтың корпускулалық (кванттық)табиғаты білінеді де,ол өзін фотондар(кванттар) ағыны ретінде көрсетеді.


12.Фотондар. фотонның энергиясы, импульсы,массасы.
Фотоэффект заңдарының теориялық түсiнiгiн 1905 жылы А.Эйнштейн бердi. Ол өз зерттеулерiнде М.Планктың кванттар жөнiндегi ұғымын одан әрi дамыта отырып, жарық тек кванттар түрiнде шығарылып ғана қоймайды, сонымен қатар кванттар түрiнде жұтылады да деп есептедi. Бұл жарық кванттарын ол фотондар деп атады.
Фотондар –электромагниттік сәуленің кванттары. Фотондар жарық жылдамдығымен қозғалады, олар тыныштық күйде бола алмайды, бұлардың тыныштық массаы нөлге тең.
Фотонның энергиясы ε=hν=hc/λ немесе ε=ħω=2πħc/ λ (1.1)мұндағы h-Планк тұрақтысы; ħ=h/2π; ν-жарық жиілігі; ω=2πν; λ-толқын ұзындығы.
Фотонның mф массасы мен Pф импульсы мына формулалармен өрнектеледі:mф=ε/ =h/cλ (1.2)
Pф= mфc= h/λ немесе Pф= 2πħ/ λ=kħ (1.3)
Мұндағы k=2π/ λ толқындық вектордың модулі, толқындық сан.(1.1) Және (1.3) формулалары фотонның корпускалық сипаттамаларын –энергиясы, импульсін электромагниттік сәуленің(жарықтың) толқындық сипаттамасы –жиілікпен(толқын ұзындығымен) байланыстырады.


14. Микробөлшектердің толқындық қасиеттерінің тәжірибелік расталуы ( Дэвиссон мен Джермер, Томсон, Тартаковский тәжірибелері).
Бөлшектердің толқындық қасиеттері анық байқалған тәжірибелерге америка физиктері К.Дэвиссон(1881-1958) және Л.Джермер(1896-1971) тәжірибелері жатады(1927ж.).Бұлардың тәжірибелердің идеясы мынадай еді. Егер электрондар шоғының толқындық қасиеттері болса,онда тіпті осы толқындардың шағылу механизімін білмей ақ бұлардың кристалдан шағылуы рентген сәулелерінкі сияқты интерференциялық сипатта болады деп күтуге болады.Тәжірибеде схемасы 1-суретте көрсетілген.Электрондық-сәулелік түтік Т жәрдемімен алынған моноэнергиялы электрондардың параллель шоғы суретте көрсетілгендей өңделген К никельдің монокристалына(кубтық жүйедегі)бағытталады.Электрондар К кристалға түсіп,шағылады. Шағылған электрондар D (қабылдағыш)(гальванометр қосылған коллектор)көмегімен тіркеледі.Қабылдағышты электрондар шоғына қатысты кез келген α‒бұрышпен орналастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет