1. Электромагниттік сәуленің табиғаты және оның негізгі сипаттамалары, эмс спектрі Электромагниттiк сәуле спектрi


Денелердің бәрі атомдардан тұрады, атомдардың мөлшерінің реттік шамасы 10



бет13/47
Дата11.12.2023
өлшемі6,59 Mb.
#137730
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
атомка

Денелердің бәрі атомдардан тұрады, атомдардың мөлшерінің реттік шамасы 10-10 м,әр түрлі элементтер атомдарының массалары 10 -27 кг-нан 10 -25 кг-ға дейінгі аралықта болады. Атомның құрылысы жөніндегі нақты коріністер физикада заттың қасиеттері жайындағы деректердің жинақталуы бойынша дамыды.
Ғасырдың аяғында атомның құрамында теріс зарядталған бөлшектер электрондардың бар екендігі тағайындалды. Электрон заряды(e=1,6*10 -19 кл) және массасы(m=9,1*10 -31 кг) өлшенді. Атом бүтіндей алғанда электрлік бейтарап, сондықтан атом құрамында электрондардың теріс зарядын тенгеретін оң зарядталған бөлшектердің үлестіріліп орналасуы қандай деген сурак туады. Осы сурактың жауабын тәжірибе арқылы ағылшын физигі Э.Резерфорд тапты.
Э.Резерфорд атомның құрылысын α-бөлшектерді (заряды qα=+2e, mα=6,64*10-27 кг, жылдамдыгы Vα ≈107 м/с)пайдаланып тәжірибе жасап зерттеген: жұқа алтын фольгадан өткен бөлшектердің қозғалыс бағыттарының өзгерісін бақылаған.
Тәжірибелерде α-бөлшектердің басым бөлігі фольгадан откенде бастапқы қозғалыс бағытын сактаған немесе өте кішкене бұрыштарға ауытқыған. Біракта кейбір α-бөлшектердің 90°C-тан үлкен бұрыштарға, тіпті 180°C-қа таяу бұрышка бұрылғаны да байкалған. Осылай шұгыл ауыткуларды α-бөлшектердің фольгадағы жолында жеке ауыткулардың жинакталуымен түсіндіру мумкін болмады. Тәжірибе нәтижелерін түсіндіру ушін Резерфорд атомның оң заряды түгелдей атомның толық колемімен салыстырғанда көлемі өте кішкентай оның ядросында шоғырланган деп ұйгарды. Атомның калған бөлігі теріс зарядталған электрондардың бұлты, бұлардың толық заряды ядроның оң зарядына тең. Осылай 1911 жылы ол атомның ядролық моделін жасады.
Резерфордтың тұжырымы бойынша, атом өте кішкентай, бірак ауыр, оң зарядталған ядродан және электроннан тұрады. Электрондар ядроны айналып қозғалуы тиіс болды, дәл кунді планеталар айналып козғалуы сиякты. Өйткені егер ол тыныштықта болса, онда электрлік кулондық тарту әсерінен ядроға құлаған болар еді. Резерфордтың бағалауы бойынша ядро мөлшерінің реттік шамасы 10-15 -10-14 м болуға тиісАл атом мөлшерінің реттік шамасы 10-10 м. Бұдан электрондар ядродан шамамен 104-105 ядро диаметріндей кашыктықта болуға тиіс,яғни атомның басым бөлігі бос кеңістік болады.
Резерфорд тәжірибелерінде оң заряталған ядро анықталғаннан кейін енді электрондар атомның кай жерінде болады, ал калған кеңістік немен толтырылған деген суракка жауап беру керек болды.Резерфорд атомның құрылысы планеталар жуйесіне ұксас деген жорамал ұсынды. Куннәі айналасында улкен кашыктыктарда планеталар калай айналып журетін болса, дәл солай атомның ішінде электрондар ядроны айналып журеі. Ядродан ен алыс электрон орбитасының радиусы - атомның радиусы, болады. Атом құрылысының осындай моделі планетарлық немесе ядролық модел деп аталады.


17.Атомның ядролық моделі, оның классикалық физика заңдарымен үйлеспеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет