39. Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектеріндегі адамгершілік, ізгілік құндылықтары жөнінде айтқандары.
Шәкәрім өлеңдерінде, аудармаларында ар тазалығы, имандылық, адамгершілік мәселелерін жиі көтереді. Оның шығармаларында өзінің ішкі табиғатына, көзқарасына сәйкес келетін және сол идеясын жеткізуге лайық детальдар мен сюжеттік элементтер тапқанда ғана сол туындыны жазуға бой ұрады.
Ақылды сол - нысап пен ар сақтайды,
Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сатпайды, демекші Шәкәрім адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді деген.
Адам бойындағы мақсұтты тән мен жан деп бөледі. Яғни, қара басының қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін - тән мақсұты. Адамшылық ар мен адал еңбек іздейтін - жан мақсұты. Бастапқыны көксеген адам зұлымдық қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат қылуды тіпті ұнатпайды.
40. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). Хандықтың ыдырауы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Әбілхайыр хан мемлекетінің территориясы Ноғай Ордасының шығысына қарай; оңтүстікте Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінен бастап, солтүстікте Тобыл және Ертіс өзендерінің орта ағысына дейін, батыста Жайық өзеннен бастап, шығыста Балқаш көліне дейінгі жерлерді, яғни Сырдарияның төменгі бойындағы аймақты, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірді алып жатты.
Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). Хандықтың ыдырауы. Тарихтың осы кезеңінде Керей мен Жәнібек сұлтандар мен Моғолстан ханы Есен – Бұғаның жауы ортақ еді. Ол – Әбілқайыр хан болатын. «Жауымның жауы – менің досым», қағидасын ұстанған Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған қазақ тайпаларының оңтүстік және орталық Қазақстаннан батыс Жетісуға, Шу, Талас алқабына көшіп баруының негізгі себептері:
1.Керей мен Жәнібек сұлтандарғa қарасты Қазaқ тайпаларының сол кездегі Моғолстан хандығында өмір сүретін тайпалармен этникалық және генологиялық жақындығы.
2. Кеpей және Жәнібек сұлтандар мен Моғолстан ханы Есен – Бұғаның жауының ортақ болуы,
3.Бұрынғы Ақ Орда хандығының билігі мен Моғолстанның солтүстік бөлігі иелерінің ертеден бергі достық қарым қатынасының жақсы болуы,
4. Феодалдық бытыраңқы Моғолстанның Жетісудағы өкімет билігін өз қолына ұстап тұра алмайтын әлсіздігі себеп болды.
Осы кезде өз хандығын нығайтуға тырысқан Әбілқайыр хан, өзіне бағынбай Моғол хандығының жеріне ауысып кеткен Керей мен Жәнібекке қарсы жорыққа шығып, Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жоpық нәтижесі аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқынан мүлде айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |